Микробиология


Шырышты қабықтың иммунитеті



бет170/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

11.1.2. Шырышты қабықтың иммунитеті
Ас қорыту, тыныс алу жүйесінің шырышты қабығының жергілікті иммунитеті олардың иммундық қорғанысын қамтамасыз етеді. Өйткені шырышты қабықта дамыған лимфойдтық тін және көптеген иммундыкомпетентті жасушалар болады.
Лимфойдтық тіннің қалыптасу уақытына сәйкес ерте (реликтовтый- ерте кезгі) және кеш (осы кезгі) пайда болған құрылымдары болып бөлінеді. Ерте пайда болған құрылымға гамма, дельта Т – және В1 лимфоциттер жатады. Олар иммундық қорғаныстың бірінші шебінде іс атқарады.
Кеш пайда болған құрылымдар иммундық жүйенің орталық органдарының бақылауымен дамиды. Альфа, бетта Т- және СД5 В –лимфоциттер олардың қатарына жатып, иммундық қорғаныстың екінші шебін қамтамасыз етеді.
Көрнекті мысал ретінде, ас қорыту жолдарының лимфойдтық жүйесін келтіруге болады. Жергілікті иммундық қорғауға рет-ретімен Т -, В- лимфоциттер, макрофагтар, дентритті жасушалар қатынасып сапалы және жоғарғы деңгейлі жергіліті иммундық қорғаныс жүйесін қалыптастырады.


11.1.2.1. Ауыз қуысы иммунитетінің ерекшеліктері
Ауыз қуысының иммундық қорғаныс жүйесі, жоғарыда айтылғандай жалпы шырышты қабықшаның жүйесінен айырмашалығы жоқ..Специфкалық және бейспецификалық факторлар қатарласып іс атқаруымен ауыз қуысын тіс жегі және де басқа аурулар қоздыратын түрлі патогенді микробтардан сақтауды қамтамасыз етеді.
Бейспецификалық қорғаныс факторларының қатарына шырышты қабықтың тосқауылдық қасиеті мен сілекейдің антимикробтық көрсеткіштері жатады.
Сілекейдің қорғаныс қасиетінің ерекше орны бар. Бір тәулікте ересек адамдың ағзасының сілекей бездері 2 литрге дейін ферменттік белсенділігі бар сілекей бөліп шығарады. Сілекей, патогендер өте алмайтын кедергі болуымен қатар, айқын бактериоцидтік қасиетке ие. Сілекейдің басты факторларының қатарына лизоцим, лактоферин, лактопероксидаза және комплементтің кейбір құрылымдары жатады. Сонымен қатар, сілекейден әр уақытта полиморфты лейкоциттер мен моноциттерді табуға болады. Бір мезгілде ауыз қойнауында 100 000 –нан астам фагоциттоздаушы жасушалар табылады.
Ауыз қуысының дәнекерлеу тінінде бейспецификалық төзімділік жасушалары орналасқан: көшпелі тін макрофагтары, фибробластар, гранулоциттер мен тін базофильдері.
Ауыз қуысы тиімді спецификалық иммундық қорғаныс жүйесімен қамтамасыз етілген. Анатомиялық құрылысына сәйкес онда жұтқыншақ шеңберінің қуатты бадамшалары, аса дамыған лимфойдтық өзектер орналасқан. Тінде лимфойдтық жыйнақтар табылса, сілекейде лимфоциттер мен А,М,G және Е изотипті иммундыглоублинер табылады.
Сілекейде секреторлық IgА-ның концентрациясы басым болады. Оның өлшемі кан сарысуындағыдан да жоғары. Иммундыглобулиндердің басқа түлерінің концентрациясы сарысудағыдан төмен. Иммундыглобулиндердің концентрациясы төмендеген кезде ауыз қуысының шырышты қабықшасы іріңді ісік пен аллергиялық ауруларға тап болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет