+ + АнтиденеАнтидене
Аурудың қан сарысуы Аурудың қан сарысуы
(белгісіз) (белгісіз)
+ +
--------------------- Комплемент Комплемент ------------------------ + +
Гемолитикалық жүйе Гемолитикалық жүйе
(Гемолитикалық сарсу + қой эритроциті) (Гемолитикалық сарсу + қой эритроциті)
! !
! !
! !
Гемолиз жоқ.. Эритроциттердің Гемолиз бар. Эритроциттер еріген.
тұнбасы бар. Мөлдір қызыл түсті сұйық..
Реакцияның нәтижесі оң. Реакцияның нәтижесі теріс. (Антидене бар) (Антидене жоқ)
Радиалды гемолиздік реакция (РГР). Қой эритроциттері мен комплементі бар агар қоймалжыңындағы шұңқырларда қойылады. Шұңқырға гемолитикалық сарысу қосылғаннан кейін реакцияның оң нәтижесінде антиденелердің қоймалжыңға радиалды сіңуінен шұңқырдың айналасында гемолиздік белдем пайда болады. Тәсіл арқылы комплементтің, гемолитикалық сарсудың белсенділігін, тұмау вирусына қарсы антиденелерді анықтауға болады.
Иммунды жабысу реакциясы (ИЖР). Комплемент жүйесін, иммунды сарысумен өңделген корпускулды антигендермен белседірілуіне негізделген. Соның нәтижесінде иммундық комплекстің құрамындағы корпускулдық антигенге қосылатын комплементтің белсендірілген С3b бөлігі пайда болады. Эритроциттерде, тромбоциттерде, макрофаг-тарда С3b мен байланасатын рецепторлар болғандықтан, оларды С3b бар иммундық комплекстерге қосқанда, айтылған жасушалар қосылып агглютинацияға түседі.
12.5. Бейтараптау реакциясы (БР) Иммунды сарсудағы антиденелердің, микробтардың сезімтал жасушаларын, немесе олардың токсиндерін, немесе тін жасушаларын зақымдаушы мүмкіншілігін бейтараптау реакциясы арқылы анықтайды. Ол антиденелердің микроб антигендерін байлау, яғни бейтараптау процесіне негізделген. Бейтараптау реакциясын (БР) антиген мен антидене қосындысын зертханалық жануарға еңгізу , немесе сезімтал сынақ–нысандарына (жасуша дақылы, эмбрион) жұқтыру арқылы жүргізеді (28-сызбанұсқа).. Жануарларда, не сынақ-нысандарда микробтардың, не олардың антигендерінің, токсиндерінің зақымдаушы әсері байқалмаған кезде иммунды сарысудың бейтараптау қасиеті бар екені көрсетіледі, яғни антиген-антидене комплексінің өзіндік байланыста екені дәлелденеді.