Микробиология



бет163/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

10. 2. Иммунды фагоцитоз
Иммунды фагоцитоз феномені фагоциттердің иммундық комплекстерінің құрамына кіретін антигендердің қорытылуына негізделген. Бұл жағдайда антигендер молекула, немесе молекулалардың қосынды түрінде, бүтін жасушалар, немесе олардың бөлшектері түрінде болуы мүмкін. Иммунды фагоцитоз өтуі үшін иммундыглобулиндер және комплемент бірге, не жеке қатынасуы керек.
Фагоциттердің сырт қабығындағы иммундыглобулин мен комплементті «танитын» рецепторлар фагоциттердің иммунды комплексті бекітуіне жауапты болады. Сонымен, фагоциттер антигендерді организмнен тыс шығаруға және гомеостазды қалпына келтіру процесіне қатынасады.
10.3. Жасуша жанама түріндегі киллинг
Иммундық жүйенің бөгде жасушаларды жоятын комплементтен тәуелсіз тәсілі бар. Иммунды жауаптың бұл түрі тікелей киллер-жасушалармен атқарылады және жасуша жанама түрдегі киллинг деп аталады. Киллингті белсендірілген фагоциттер, Т-киллерлер, табиғи киллерлер және тағы басқа жасушалар атқарады. Киллерлік жасушалар организмді тазартып, оны бөгде, өзгерген және ауруға соқтыққан жасушалардан арылтады.
Жасуша-жанамалы киллингтің механизімі жан-жақты. Киллерлер токсикалық және цитолитикалық әсері бар бірталай биобелсенді заттарды бөліп шығарады, жасуша мембранасын зақымдайды, не апоптозды үдетеді. Киллерлер әрекетін қашықтықтан, немесе тікелей қатынас арқылы өткізеді. Киллердің нысанасы: қатерлі ісікке айналған жасушалар, вирустар жұққан, не мутантты жасушалар, саңрауқұлақтар, қарапайымдар, гельминттер және кейбір бактериялар.
Киллерлердің нысана–жасушаның бөгделігін анықтау механизімі олардың антигенбайланыстырушы рецепторларымен байланысты. Жасуша-жанамалы киллингтің цитотоксикалығының екі түрі бар: антиденетәуелді және антиденетәуелсіз.
10.3.1.Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалық
Антиденетәуелді жасуша-жанамалы цитотоксикалығы иммундыкомпетентті жасушалардың мембранасындағы иммундыглобулиннің Fc- бөлігіне қарсы рецепторларына сүйеніп өтеді. Ол рецепторлар сатылы қүбылыстан кейін, ақыры иммунды комплекспен байланысады. Антиденетәуелді жасуша–жанамалы цитотоксикалықты белсендірілген макрофагтар, эозинофилдер және табиғи киллерлер қамтамасыз етеді. Белсендірілген макрофагтар процесті өткзуі үшін оған химиялық заттар шығарылып, табиғи киллерлердің демеуі керек. Эозинофилдер гельминттерге цитотоксикалық әсер еткенде ғана қатынасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет