11.4.3.4.IV-ші типтес реакциялар (Т-лимфоциттердің жанамасымен) Бактериялардың, саңрауқұлақтардың, вирустардың, қарапайымдылардың жасуша ішіндегі антигендерге, бөгде тін антигендеріне (трансплантаттардың), табиғи және синтетикалық гаптендерге (дәрілер, тағам бояулары т.б.) иммундық жауапта Т-лимфоциттер демеліп басты рөлді атқарады. Т-лимфоциттер гиперсезіталдықтың баяу түріне жауапкер болғандықтан, төменгі салмақты молекуласы бар заттар Т-лимфоциттер жанамасы арқылы аллергияның 4-ші түрін туғызады. Аллергияның даму механизімінде Т-лимфоциттер түрлі медиаторларды бөліп шығарып, цитотоксикалық зақымдалуды күшейтеді. Аллергияның осы түрін аллергендердің өте төмен өлшемі туғызады. Аллергияның морфоклиникалық көрнісі 24-48 сағаттың арасында пайда болады. Мысал ретінде туберкулин реакциясын келтіруге болады. Аллергияны төменгі салмақты молекуласы бар заттардың тудыратын себебі, олар организмде оның меншікті ақуыздарымен байланысып, толық бағалы антигендерге айланып гиперсезімталдықтың баяу түрін іске асырады (19-сызбанұсқа).
11.4.4. Иммундыпролиферативті аурулар Бұл топ ауруларының қатарына иммундық жүйенің жасушаларынан тараған патологиялық иммундыпролиферативті процестер жатқызылады. Ол патологияның қатарына қатерсіз ісіктен бастап, қатерлі ісік түріне дейінгі ауруларды еңгізуге болады. Иммундыпролиферативті аурулардың тізімі 11.4 - кестеде келтірілген.
Кесте 11.4.
Иммундыпролиферативті аурулардың классификациясы.