13.2.2.10. Қазіргі кезде қолданылатын вакциналардың жалпы сипаттамасы
Қазіргі уақытта вакцинопрофилактика үшін 40-тан астам вакцинаның түрі қолданылады, олардың жарымынан көбі тірі вакцина қатарына жатады (13.2-кесте).
Кесте 13.2.
Иммундыпрофилактикада қолданылатын негізгі вакциналардың тізімі.
Вакцинаның
түрі
|
Вакцина
|
Вакциналық штамның аты
|
Қорғау коэфициенті
|
Авторлары
|
Бактериалық түрі
|
Обалық
Туляремиялық
Түйнемелік
Бруцеллездік
(Сарып ауруы)
Туберкулездік
Ку-қызбалық
|
Е
15
СТИ-1
19 ВА
БЦЖ
М-14
|
10
50-100
50-100
10-30
10
50-100
|
Г.Жерар,
Ж. Робик,
Б.Эльберт
Н. Гайский
Н. Гинзбург,
Л.Тамарин
П.Вершилова
А.Кальмет, К.Герен
П.Здродовский, В.Гениг
|
Вирустық түрі
|
Қара шешектік
Қызылшалық
Тұмаулық
Полиомиелиттік
Паротиттік
Сары безгектік
Жылқының венесуалдық энцефаломиелиттілік
|
Листер, М-63
Л-16, ЭШИ т.б.
Ленинград т.б.
1,2,3 типі
-
17Д « Дакар»
№ 230
|
500
20-30
2-3
50
50
100
10
|
С.Мареникова т.б.
А.Смородинцев
М.Чумаков т.б.
А.Смородинцев т.б.
А.Сэбин, М.Чумаков
А.Смородинцев т.б.
Ш. Рид т.б.
А.Воробьев т.б.
|
Анатоксиндер
|
Дифтериялық
(Күл)
Сіреспелік
Ботулизімдік
(А, В, С, .Д, Е)
Секстанатоксин
|
-
-
-
-
|
100
100
100
100
|
Авторлар қауымы
-
А.Воробьев
А.Воробьев т.б.
|
Белсендігі жойылған
бактериалық
|
АКДС (адсорбталған көкжөтел- дифтерия-сіреспелік)
Іш сүзектік
Бөртпе сүзектік
|
-
Патогенді штамдар
-
|
-
5-10
10
|
|
Белсендігі жойылған
вирустық
|
Тұмаулық
А -гепатитік
Ұшықтық
Кене энцефалиттілік
Құтыруға қарсы
|
-
-
-
-
-
|
2-3
5-10
5-10
10
10-30
|
|
Генді - инженерлік
|
В-гепатитінікі
(ашытқылы)
|
Ашытқының рекомбинаттық штамы
|
10
|
Авторлар тобы
|
Қолданылатын вакциналардың негізгі түрлері және олардың сыпаттамалары кестеде келтірілген. Кестеден вакциналардың бірімен бірі арасында көп айырмашылықтары бар екенін көруге болады. Соған қарамастан вакцинаны қолдану керек екені күмәнсіз, оған егілген адамдардың ауырған және өлімге душар болған сандарының көп төмендегені және экономикалық жетістіктер куә бола алады. Қазіргі уақытта инфекциялық аурулармен күресу жолында вакцинациялау ең нәтижелі тәсілдің біреуі. Көп уақытқа дейін тірі, не өлі вакцинаның нәтижелі екені туралы әртүрлі көзқарас болды. Нәтижесінде келесідей тұжұрым туды: вакцинаның қай түрі болмасын қорғаныш көрнісінің жоғарғы деңгейін тудырса, инфекциялық аурулардың санын төмендетуде нәтижелі болса, вакцинацияланған адамдарға зыянды әсерін тигізбесе, сол вакцина қолданылуы керек.
Вакцинаның барлық түріне қойылатын талаптар бар. Вакцинацияға қолданылатын препараттар төменгідегідей шарттарға сәйкес келуі керек: иммуногенді, қауіпсіз, реактогенсіз, аллергиялық тітіркендіру тудырмайтын, тератогендік , онкогендік касиеті жоқ ; вакцина дайындалатын микробтардың штамы генетикалық тұрақты болып, ұзақ уақытқа дейін сақталуы, оның өңдру процесі жеңіл және қолдану тәсілі қарапайым, жаппай қолдануға мүмкіншілігі болу керек.
13.2.2.11. Вакцинаны егудің көрсетімі мен қарсы көрсетімдері
Вакцина егудің көрсетімі жұқпалы аурудың пайда болуы, немесе оның жайылып кету қаупі, не адам арасында эпидемияның басталуы болады. Жаппай вакцинациялау өткізгенде вакцина қолданудың қарсы көрсетімі есепке алынуы керек, өйткені қандай вакцина болмасын қолданған кезде, денсаулық жағдайының ауытқуына байланысты, жағымсыз жанама асқынулар тудыруы мүмкін. Қарсы көрсетім әрбір вакцина түріне анықталып, қолдану нұсқауында көрсетіледі. Вакцина қолданудың барлығына ортақ қарсы көрсетімі келесілер:
жедел жұқпалы, не жұқпалы емес аурулар;
аллергиялық жағдайлар;
орталық жүйке жүйесінің аурулары;
паренхиматозды органдардың созылмалы аурулары (бауыр, бүйрек);
жүрек-қантамыры жүйесінің күрделі аурулары;
дамыған иммундытапшылықтар;
қатерлі ісік аурулары.
Вакцина егілгеннен кейін аздап дене қызуы, еккен жердің қызаруы нұсқауда аталған-дардың шегінен шығып кетпесе ол қарсы көрсетім болып саналмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |