Микробиология



бет203/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

13.2.4. Пробиотиктер
Пробиотиктер адам ішегінің қуысын мекендейтін қалыпты микробтарының арасынан алынған патогенсіз, бірақ тірі микробтардың дайындалған ИБП-лар. Олар адам денесіндегі қалыпты микробтар түрі, саны бұзылған кезде (дисбактериоз) соларды қайта қалпына келтіру, не соның зардабынан пайда болған ауруды емдеу үшін қолданылады.
Пробиотиктерді әртүрлі жұқпалы, жұқпалы емес аурулардың әсерінен, экология және кәсіпке байланысты болған дисбактериоздардың алдын алуға және емдеуге қолданады. Сонымен қатар, олар екіншілік иммундытапшылықта, немесе дұрыс тағамданбағанда қолдануға қажет болады. Дисбактериоз көрнісі халық арасында көп тарағандықтан, оның этиологиялық пайда болу себебтері әр түрлі болатындықтан пробиотиктер жаппай қолданылатын препараттар тобына жатады.
Кең тараған пробиотиктерге жататындар: «Колибактерин», «Бифидумбактерин», «Лактобактерин», «Бификол», «Субтилин». Пробиотиктердің құрамына ішек таяқшасы, бифидобактериялар, лактобактериялар, субтилис бактериясының спорасы, не олардың қосындылары кіреді.
Пробиотиктер лиофилді тәсілмен кептірілген, тұрақтатушылар қосылған құрғақ ұнтақ, не таблетка түрінде болады. Өлшемі бір таблеткадағы, не бір грамдағы микробтар санымен көрсетіледі.
Казіргі уақытта қышқыл сүт өнімдері «Био-кефир», «Бифидок» кефирі кең қолданылады.
Пробиотиктердің құрамында тірі микробтар болғандылықтан олар арнайы жағдайда сақталынуы керек (белгілі температура, күн сәулесі түспейтін..).
Пробиотиктерді ұзақ уақыт (1 айдан 6 айға дейін ), күніне 2-3 рет, әдетте басқа емдеу тәсілдерімен қатар колданады.
13.2.5.Спецификалық антиденелердің негізінде жасалған иммундыбиологиялық препараттар.
Антиденелер ағзаның иммундық жағдайын анықтайтын және көптен-көп иммуно-логиялық реакцияларға қатынасатын иммундыреагенттердің санына жатады. Олардың құрылысы және атқаратын міндеті әртүрлі.
Антигендердің тегіне және қасиеттеріне сәйкес оларға қарсы пайда болған антиденелер антибактериалық, антивирустык, антитоксикалық, қатерлі ісікке қарсы, лимфоциттерге қарсы, трансплантацияға қарсы, цитотоксиндік, рецепторлық т.б. түрлері болуы мүмкін.
Осыған байланысты антиденелер негізінде жұқпалы, не жұқпалы емес аурулардың алдын алу, диагнозын қою және емдеу, сонымен қатар ғылыми-зерттеу жүмыстары үшін көптеген иммундыбиологиялық препараттар жасалған.
Антидене негізінде жасалған ИБП-ларға жататындары төменгідей:
Иммунды қан сарысулары.
Иммундыглобулиндер (бүтін молекулалы және доменды).
Моноклоналды антиденелер.
Иммундытоксиндер, иммундыадгезиндер.
Абзимдер (антидене –ферменттер).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет