Микробиология



бет51/216
Дата28.01.2023
өлшемі3,75 Mb.
#63400
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   216
Байланысты:
МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)

5.3. Антибиотиктер
1871-1872 ж.ж. Ресей ғалымдары В.А.Манассеин және А.Г.Полотебнов залалды жараға көгерткіш саңырауқұлақты таңу арқылы емнің тиімділігін байқаған. Л.Пастердің (1887) байқауы бойынша, микробтар әлемінде – антагонизм кең тараған көрініс екені дәлелденді, бірақ оның табиғаты түсініксіз болды. 1928-1929 ж.ж. А.Флеминг стафилококтың өсуін тежейтін химиялық зат бөлетін көгерткіш саңырауқұлағының штамы – пеницилланы (Penicillium notatum ) ашты. Бұл зат «пенициллин» деп аталды. 1940ж. Х. Флори мен Э.Чейн клиникада кең қолданыс тапқан , алғашқы рет тазартылған тұрақты препарат пенициллинді алды. 1945 ж. А.Флеминг,Х.Флори және Э.Чейн Нобель сыйлығына ие болды. Антибиотиктерді зерттеуде З.В. Ермольева және Г.Ф.Гаузе ұлкен үлес қосты. « Антибиотик » деген термин (грек тілінде anti - қарсы, bios-өмір) 1942 ж. С.Ваксман аз концентрацияда басқа бактериялардың өсуін тежейтін және микроорганизмдермен өндірілетін табиғи заттарды белгілеуді ұсынды.
Антибиотиктер – бүл биологиялық туындылы (табиғи ) химиялық қосылыстардан, с.б. олардың жартылай синтетикалық және синтетикалық аналогтарынан дайындалған химиотерапевтік препараттар, олар аз концентрацияда микроорганизмдер мен ісіктерге жоюшы немесе таңдамалы зақымдаушы әсер етеді.
5.3.1. Антибиотиктерді өндіру көздері және алу тәсілдері
Табиғи антибиотиктерді негізгі өндірушілер өзінің табиғи ортасында (негізінен топырақта) орналасып, тіршілігін сақтау үшін антибиотиктер өндіретін микроорганизмдер болып табылады. Жануарлар мен өсімдік жасушалары селективті антимикробтық әсері бар (мысалы , фитонцидтер) заттар өндіре алады, бірақ олар медицинада антибиотиктер өндіруші ретінде кең қолданылмады.
Сонымен табиғи және жартылай синтетикалық антибиотиктер алу көздері болып табылады:
• Актиномицеттер (әсіресе стрептомицеттер) – бұтақталған бактериялар. Олар табиғи антибиотиктердің (80%) көпшілігін өндіреді.
• Көгерткіш саңырауқұлақтартабиғи бета-лактамдарды (Cephalosporium және Penicillium туыстастығының саңырауқұлақтары) және фузидиев қышқылын синтездейді.
• Кәдімгі бактериялар – мысалы, эубактериялар, бациллалар, псевдомонадалар антибактериалды әсері бар бацитрицин, полимиксиндер және т.б. заттар өндіреді.
Антибиотиктерді алудың негізгі 3 тәсілі бар:
• биологиялық синтез арқылы (продуцент микробтарды қолайлы жағдайда дақылдандырғанда, олар өздерінің тіршілік барысында антибиотиктер өндіреді, осылай табиғи антибиотиктерді алады).
• соңынан химиялық модификациялау арқылы (биосинтез жолымен жартылай синтетикалық антибиотиктер алу). Алдымен биосинтез жолымен табиғи антибиотиктерді алады, содан соң оның бастапқы молекуласын химиялық модификация жолымен түрін өзгертеді, мысалы белгілі радикалдарды қосқан кезде препараттың микробқа қарсы және фармакологиялық сипаты жақсарады;
• химиялық синтез арқылы (табиғи антибиотиктердің синтетикалық аналогтарын алады, мысалы хлорамфеникол (левомицетин). Бұл заттардың құрылымы табиғи антибиотиктермен бірдей, бірақ олардың молекуласы химиялық жолмен синтезделеді.
Химиялық құрылымы бойынша антибиотиктерді жіктеу.
Антибиотиктер химиялық құрылымы бойынша тұқымдастықтарға (кластарға) топтастырылған:
• бета-лактамдар (пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер, монобактамдар)
• гликопептидтер
• аминогликозидтер
• тетрациклиндер
• макролидтер
• линкозамидтер
• левомицетин (хлорамфеникол)
• рифампициндер
полипептидтер
• полиендер
• әртүрлі антибиотиктер (фузидий қышқылы, фузафунжин және т.б. )
Бета-лактамдар. Молекула негізін бета лактамды сақина құрайды, ол бұзылғанда препарат өзінің белсенділігін жояды , әсер ету типі-бактерицидті . Бұл топтың антибиотиктеріне пенициллиндер, цефалоспориндер, карбапенемдер және монобактамдар жатады.
Пенициллиндер. Табиғи препарат – бензилпенициллин (пенициллин G)-грамоң бактерияларға қарсы белсенді, бірақ көптеген кемшіліктері бар: ағзаднан тез шығарылады, асқазанның қышқыл ортасында тез бұзылады, бактерия ферменттерімен – пенициллиназамен бета-лактамды сақина бұзылып белсенділігін жояды. Табиғи пенициллан қышқылына - әртүрлі радикалдарды қосу жолымен алынған жартылай синтетикалық пенициллиннің табиғи препаратқа қарағанда артықшылығы бар, әсер ету спектрі кең, олар:
• депо-препараттар (бициллин), әсері 4 аптаға дейін (бұлшықетте қор түзеді), мерезді емдеуге, ревматизмнің рецидивін алдын алуға қолданылады;
• қышқылға төзімді (феноксиметилпенициллин), пероралды жолмен қабылдау үшін пайдаланылады;
• пенициллиназаға төзімді (метициллин, оксациллин),бірақ олар кейде тар спектрлі әсер етеді;
• кең спектрлі (амоксициллин, ампициллин);
• көкірің таяқшасына қарсы (карбоксипенициллиндер - карбенициллин, урейдопенициллиндер-пиперациллин, азиоциллин);
• комбинирленген (амоксициллин+клавуланды қышқыл, ампициллин+сульбактам). Бұл препараттардың құрамында бета лактамаза ферментінің ингибиторлары бар (клавулан қышықылы және т.б. ), олардың молекуласы бета-лактамды сақинадан тұрады; оның микробқа қарсы белсенділігі төмен, бірақ бұл ферменттермен жеңіл байланысып,антибиотик молекуласын бұзылудан сақтайды.
Цефалоспориндер. Әсер ету спектрі кең , әсіресе грамтеріс бактерияларға өте белсенді. Ену кезектілігі бойынша препараттың 4 ұрпағын ажыратады, олардың белсенділік спектрі, бета-лактамазаға төзімділігі және кейбір фармакологиялық қасиеті бойынша айырмашылығы бар , сондықтан да бір ұрпақтың препараты екінші ұрпақты алмастыра алмайды, тек қана толықтырады.
• 1-ші ұрпақ (цефазолин, цефалотин және т.б. )-грамоң бактерияларға белсенді, бета лактамазалармен бұзылады.
• 2-ші ұрпақ (цефуроксим, цефаклор және т.б.)-гам теріс бактерияларға белсенді әсер етеді, бета - лактамазаларға төзімдірек.
• 3-ші ұрпақ (цефатаксим, цефтазидим және т.б.)-грам теріс бактерияларға белсенді әсер етеді, бета- лактамазалар әсеріне жоғары резистентті.
• 4-ші ұрпақ (цефепим және т.б.)-негізінен грам оң , кейбір грм теріс бактериялар мен көкірің таяқшасына әсер етеді , бета – лактамазалар әсеріне резистентті.
Карбапенемдер (имипенем және т.б.) – барлық бета-лактамазалардың ішінде кең спектрлі әсері бар және бета – лактамазалар әсеріне резистентті.
Монобактамдар (азтреонам және т.б.)-бета-лактамазаларға резистентті. Әсері тар спектрлі (грам теріс бактерияларға,соның ішінде көк ірің таяқшасына өте белсенді).
Аминогикозидтермолекуласында аминотоптары бар қосылыстар. Ваксман туберкулезді емдеуге алғашқы препарат – стрептомицинді алды. Қазір бұл препараттың бірнеше ұрпағын ажыратады : (1) стрептомицин , канамицин және т.б. , (2) гентамицин , (3) сизомицин, тобрамицин және т.б. Препараттың әсер ету спектрі кең (әсіресе грамтеріс бактерияларға қарсы белсенді, кейбір қарапайымдарға әсер етеді ), бактерицидті.
Тетрациклиндер құрамында төрт циклды қосылысы бар , ірі молекулалы препарат тұқымдастығы . Қазіргі кезде негізінен жартылай синтетиктерді, мысалы, доксициклинді қолданады. Әсер ету типі – статикалық . Әсер ету спктрі –кең. (әсіресе жасуша ішінде орналасқан микробтарға: риккетсия, хламидия, микоплазма, бруцеллалар , легионеллаларға қарсы қолданылады).
Макролидтер (және азалидтер) – бұл үлкен макроциклді молекулалар тұқымдастығы.
Эритромицин –ең танымал және кең қолданылатын антибиотик. Жаңа препараттар : азитромицин, кларитромицин (оларды тәулігіне 1-2 рет қолдануға болады).Әсер ету спектрі-кең, жасушаішілік микроорганизмдерге, легионеллаларға, гемофильді таяқшаларға да әсер етеді . Әсер ету типі – статикалық (микроб түріне байланысты бактериоцидті болуы да мүмкін).
Линкозамидтер (линкомицин және оның хлорлы дериваты – клиндамицин ) . Бактериостатиктер. Әсер ету спектрі макролидтерге ұқсас, клиндамицин анаэробтарға қарсы белсенді.
Левомицетин (хлормафеникол) –молекула құрамында нитробензенді «ядро» -сы бар , ол бактерияларға ғана емес , адам ағзасының жасушаларына да уытты әсер етеді. Әсер ету типі статикалық . Әсер ету спектрі – кең, жасушаішілік паразиттерге де әсер етеді.
Рифампициндер (рифампицин)препарат негізі – күрделі құрылымды ірі молекула . Әсер ету типі – бактерицидті . Әсер ету спектрі – кең (жасушаішілік паразиттер, микобактерияларға қарсы тиімді ) . Қазір негізінен туберкулезді емдеуге қолданылады.
Полипептидтер (полимиксиндер) . Антимикробты әсер ету спектрі – тар (грам теріс бактериялар ), әсер ету типі - бактерицидті . Өте улы . Қолданылуы – сыртқа, қазіргі кезде қолданылмайды.
Полиендер (амфотерицин В, нистатин және т.б. ). Саңырауқұлаққа қарсы препараттар , улылығы жеткілікті жоғары, сондықтан көбінесе жергілікті (нистатин),ал жүйелі микоздарда-амфотерицин В ( таңдау препараты) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет