Байланысты: МЕДИЦИНАЛЫҚ МИКРОБИОЛОГИЯ Б.А. Рамазанованың және Қ. Құдайбергенұлының (1)
Зарарсыздандырудың физикалық тәсілдері. Физикалық өңдеуге механикалық, термиялық, сәулелік әдістер жатады.
Механикалық заттар – тазалау, дымқылмен тазалау, жуу, қыру, қағу және т.б. жатады. Мысалы шаңсорғыштың көмегімен микробтардың 98 % кетеді екен. 30 минут желдетуден кейін микробтар мекемелерде мүлдем болмайды, себебі ауа түгелдей алмасады, әсіресе ауалы – тамшылы жолмен берілетін аурулар кезінде тиімді болады.
Термиялық және сәулелік әдісіне – жоғары және төмен температуралармен әсер ету, бактериоцидті шамдармен өңдеу, радиоактивті сәулелендіру жатады. Ыстық ауалы стерилизаторларды және басқа да зертханалық, дәріханалық ыдыстарды және аспаптарды зарарсыздандырған кезде қолданады. Дезинфекциялық камераларда төсек орынды, киімдерді және басқа да заттарды дезинфекциялайды. Ыстық үтүкпен үтүктегенде микробтардың вегетативті формалары, биттер, кенлер өледі.
Ыстық суға (70 - 100әС) ерітілген жуғыш заттарды қосып пайдаланғанда кірді және микробтарды механикалық жолмен кетіреді (80әС – 2,5 минут; 60әС - 70әС – 30 минут).
Қайнату стерилизацияның қиын емес түрі. Жалғыз кемшілігі қайнатқанда споралар өлмейді. Дезинфекцияның бұл түрі шприцтерді, аспаптарды, шыны және металл ыдыстарды өңдеуде кеңінен қолданылады. Суға 1 - 2 % натрий бикарбонатын қосқанда қайнаған судың дезинфекциялық әсері күшейеді және металл өнімдерін қайнатқаннан кейін таттанудан қорғайды.
Күйдіру (от жалынын) ілмектерді, инелерді,пинцеттерді, пробиркаларды, спиртовканы, т.б. зарарсыздандыруға пайдаланады.
Пастеризация - 70әС - 80әС – қа дейін (30 минут) қыздыру, бактериялардың вегетативті формаларын өлтіреді, 90әС – та 3 сек қыздыруға болады.
Ылғалды булы камераларда киімдерді, төсек орындарды және басқа да жұмсақ заттарды өңдеуге қолданады.
Күн сәулесі микроорганизмдерді өлтіреді. Бірнеше сағаттан кейін фоторезистентті микробтар, және де түбіркүлез микобактериялары да өледі. УК сәулесін ауадағы микробтардың тұнуын төмендетуге қолданады.
Тиндализация - 56әС температурада 5 – 6 күн күнделікті бір сағатқа жуық қыздыру, бұл кезде споралар да өледі.
Кептіру көптеген микробтарды өлтіреді. Бірақта кейбір бактериялардың споралары, сонымен бірге кейбір бактериялардың вегетативті формалары кептіруге төзімді келеді де, ауа аэрозолінде шаңмен бірге оңай таралып отырады. Лиофильді құрғату әдісі бактерияларды лаборатория жағдайында консервациялау үшін кеңінен қолданылады.
0 ден төмен - 280әС суық температурада жасанды қатыру микробтарды өлтірмейді, бірақ біраз уақыт өткен соң олардың мөлшері азаяды. Төменгі температура тағам өнеркәсібінде және тұрмыста тағамдық өнімдерді ,ал дәріханаларда дәрілерді ұзақ уақыт сақтау үшін қолданылады.