132
қоректік орталарда олар шыны тҥтіктің тҥбінде, қабырғасында ҧсақ
тҥйіршіктерді қалыптастырады, ал қан сарысуы мен глюкоза қосылған
агардың бетінде шырышты, кӛбінесе бір-бірімен қосылып кеткен
колонияларды қҧрайды. Қанды агарда колонияларының айналасында
гемолиз қҧбылысы байқалады.
Ферментативтік
(биохимиялық)
қасиеттері.
Сақау
қоздырғышының биохимиялық белсенділігі тӛмен. Ол сҥтті ҧйытпайды,
метилен кӛгі мен лакмусты тҥссіздендірмейді. Лактоза, сорбит, маннитті
ыдыратпайды (бҧл басқа стрептококкалардан айырмашылығын
кӛрсетеді). Сақаудың антивирусы (сақау стрептококканың 20 кҥндік
сҧйық ортасында ӛсірілген фильтраты) бар қоректік ортада
Streptococcus
equi
ӛспейді, ал стрептококкалар басқа тҥрлері ӛсе береді.
Streptococcus equi-
дің
патогенділігі
ақ тышқандар мен мысықтың
балаларының қҧрсақ қуысына немесе тері астына жҧқтыру арқылы
анықталады. Себебі бҧл жануарлар сақау қоздырғышына ӛте сезімтал
келеді. 3-10 кҥннен соң олардың организмінде пиемия процесінің
дамуымен байқалып, жануарлардың ӛлуімен аяқталады.
ТӚЛДІҢ СЕПТИЦЕМИЯСЫНЫҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ
–
Streptococcus
pneumoniae.
Бҧл ауруға 2-4 апталық немесе жаңа туған бҧзаулар
шалдығады. Тӛлдің пневмококкты инфекциясының ағымы ӛкпелік және
ішектік формада ӛтеді. Ауруды анықтау жҧмыстары тӛлдердің тірі
кезінде және ӛлгеннен кейін де жҥргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: