Микробиология



Pdf көрінісі
бет108/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Патологиялық материал
ретінде тӛлдердің (тірі кезінде) әртҥрлі 
секреттерін алып, ақ тышқандардың қҧрсақ қуысына егеді. Жануар 
ӛлгеннен кейін олардың жҥрегінің қаны қоректік орталарға сеуіп таза 
ӛсіндіні бӛліп алады. Ал ӛлген тӛлдерді зертханаға тҧтас немесе 
олардың ӛкпе, кӛк бауырының зақымдалған жерлерін, қанын, іріңді 
жібереді. 
Микроскопиясы.
 
Грам 
тәсілімен 
боялған 
жағындыларда 
Streptococcus pneumoniae
–ның шеткі жақтары ланцет тәрізді жҧпталған, 
шар тәрізді пішінді иемденген. Грам-оң. Зақымдалған ҧлпалардан 
дайындалған жағындыларда қос жасушаны қоршаған капсула жақсы 
байқалады. Ал қоректік орталарда капсула тҥзбейді. Олардың кӛлемі 
0,5-1,5 мкм, қозғалмайды, спора тҥзбейді.
Ӛсінділік қасиеттері.
 
28-42ºС аралығында аэробты және анаэробты 
жағдайда ӛсе береді. Олар қан мен глюкоза қосылған қоректік орталарда 
жақсы ӛседі. Қан сарысуы қосылған ЕПС-ны біркелкі лайлап, аздаған 
тҧнба тҥзеді. Қан сарысуы бар ЕПА-да ҧсақ бір-бірімен қосылмаған 
колонияларды қҧрайды. Қанды агарда ӛсірілген колонияларының 
айналасында гемолиз қҧбылысы байқалады. 
Ферментативтік (биохимиялық) қасиеттері.
Str. pneumoniae
глюкоза, лактоза, сахароза, салицин, инулин және мальтозаны 
ыдыратады. Желатинді сҧйылтпайды, индолды тҥзбейді, сҥтті ҧйытады. 
Патогенді пневмококкалар ӛт және ӛт қышқылы тҧздарының әсерінен 


133 
талқандалады. Басқа стрептококкалар инулинді ыдыратпайды және ӛттің 
әсеріне тӛзімді келеді.
Str. pneumoniae
-ның 
патогенділігі
ақ тышқандардың қҧрсақ 
қуысына миллион есе сҧйылтылған (1:1000000) сорпадағы ӛсіндісінің 
0,5 мл-ін енгізу арқылы анықталады. Жҧқтырылған жануарлар 2-3 
кҥннен соң ӛледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет