Микробиология


Серологиялық типтерін анықтау



Pdf көрінісі
бет112/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Серологиялық типтерін анықтау. 
Шыны тҥтіктердегі қиғаш 
қатырылған ЕПА-да 18-20 сағат бойы, 37ºС-та ӛсірілген ішек 
таяқшалары физиологиялық ерітінділермен шайылып, стерильді шыны 
тҥтіктерге ауыстырылады. Шайындыны 100ºС температурада 1 сағат 
бойы су моншасында қыздырады. Мҧндай жағдайда термолабильді L- 
және B-антигендері талқандалады, ал термостабильді А-антигенді 
талқандау ҥшін 120ºС-та 2 сағат бойы автоклавта ҧстайды. Қыздырылған 
бактериялардың суспензиясы бар шыны тҥтіктерді центрифугаға 
орналастырып, 10-15 минут бойы 2000-3000 айналымда тҧндырады. Осы 
тҧнбаны 
зат 
шынысының 
бетінде 
қойылатын 
агглютинация 
реакциясында (АР) антиген ретінде қолданылады.
Антигеннің қалған бӛлігін оптикалық стандарт бойынша, 1 мл-де 
500 млн. микрб жасушасы болатындай етіп, стерильді физиологиялық 
ерітіндімен сҧйылтқаннан кейін, оны шыны тҥтіктерде қойылатын АР-
да қолданады. 
E. coli-
дің серотоптарын анықтау ҥшін зат шынысына поливалентті 
топтық 
қан 
сарысуларын 
тамызғаннан 
кейін, 
оның 
ҥстіне 
бактериологиялық ілмекпен центрифугаланған бактерия тҧнбасын 
қосып, араластырады. Реакция нәтижесін 3 минуттан соң оқиды. Оң 
реакцияда сҧйықтық мӛлдірленеді және ҧсақ тҥйіршікті агглютинат 


136 
пайда болады. Теріс нәтижеде тамшы еш ӛзгеріссіз қалады. 
Поливалентті қан сарысуларының бір тобымен желімделген антигенді 
1:10 қатынасында сҧйылтылған сол топтың моновалентті қан 
сарысуларымен қайталап тексереді. Осында оң нәтиже кӛрсеткен 
антигенді шыны тҥтіктердегі АР-да 1 мл кӛлемінде қояды. Моновалентті 
қан сарысуын 1:25 сҧйылтымынан бастап этикеткада кӛрсетілген титрге 
дейін сҧйылтады. Әуелі бірінші шыны тҥтікте қан сарысуының бастапқы 
сҧйылтымы дайындалады: 2,4 мл физиологиялық ерітіндіге 0,1 мл 
моновалентті қан сарысуы қосылады. Қалған шыны тҥтіктерге 0,5 мл-
ден физиологиялық ерітінділер қҧйылады. Бірінші шыны тҥтіктегі (1:25) 
қан сарысуынан 0,5 мл алып, оны екінші шыны тҥтікке қҧйып, 
араластырғаннан кейін, оның 0,5 мл-і ҥшінші тҥтікке ауыстырылады, 
ҥшіншіден – тӛртіншіге солай т.б., соңғы шыны тҥтіктен 0,5 мл 
сҧйықтықты, ал бірінші шыны тҥтіктен 1,5 мл-ді алып тастайды. Сосын 
барлық шыны тҥтіктерге 0,5 мл-ден зерттеуге алынған антиген 
қосылады. Қосымша бақылау қойылады: 1) антиген + физиологиялық 
ерітінді (жалған агглютинация болмау ҥшін); 2) 1:25 қатынасындағы қан 
сарысуы (флокуляцияның болмауы ҥшін). Барлық шыны тҥтіктерді 
шайқап, 37ºС-қа реттелген термостатта 16-18 сағат ҧстайды, сонан соң 
бӛлме температурасында 6-8 сағат қалдырады. Реакция нәтижесі 
агглютиноскоп кӛмегімен тӛрт кресттік баға бойынша оқылады.
E. coli
-дің


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет