Ӛсінділік қасиеті. Лактозаны ыдырата алмайтын бактериялардың
таза ӛсінділері алынған соң, олардың қай тҧқымға жататындығы
анықталады. Сонан соң микробтардың тҥрі мен сероварианттары
белгіленеді. Лабораторияға жіберілген материалды элективті орталарға
(Эндо, Плоскирев, Левин және висмут-сульфит агарына), ЕПС мен ЕПА-
на себеді. Эндо, Левин және Плоскирев орталарында сальмонеллалар
тҥссіз немесе кҥңгірт, ал висмут-сульфит агарында қара тҥсті
колонияларды тҥзеді. ЕПС-ын біркелкі лайлап, ЕПА-да жылтыр, тҥссіз,
мӛлдір немесе кҥңгірттеу келген колонияларды қҧрайды (57-сурет).
Қолайлы ӛсу температурасы 37-38ºС. Сальмонеллезге шалдыққан
малдардың нәжістерін қоректік заттармен байытылған ортаға (Шустов
ортасы) себеді. Мҧндай орталар ішек таяқшаларының ӛсуін тежеп,
сальмонеллаланың кӛбеюін қамтамасыз
етеді. Нәжісте протей болған жағдайда
сальмонеллалар нашар ӛседі.
Ферментативтік (биохимиялық) қасиеттері. Сальмонеллалар глюкоза-
ны, маннитті ыдыратады. Симмонс
ортасында
ӛседі.
Лактоза
мен
сахарозаны ыдыратпайды, желатинді
сҧйылтпайды, индол тҥзбейді. Олардың
кӛптеген тҥрлері кҥкіртсутегін бӛліп
шығарады, метилді қызылмен оң
нәтиже (орта қызыл тҥске боялады), ал Фогес-Проскауэрде теріс нәтиже
(орта сары тҥсті болады) кӛрсетеді.
Серологиялық типтерін анықтау. Сальмонеллалардың
патологиялық
материалдардан
бӛлініп
алынған
ӛсінділері
сальмонеллездің поливалентті агглютинациялаушы О-қан сарысуының
кӛмегімен, зат шынысының бетіндегі АР-да анықталады. Оң нәтиже
кӛрсеткен ӛсінді әртҥрлі монорецепторлы О-қан сарысуларымен
тексеріледі.
Сонан
соң
ӛсінділер
монорецепторлық
Н-қан
сарысуларымен зерттеледі. Сонымен қатар иммунды флюоресценция
реакциясы сальмонеллалардың серологиялық О-топтарын (А, В, С
1
, Д
1
)
бір-бірінен ажыратуда қолданылады.
БҦЗАУ САЛЬМОНЕЛЛЕЗІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Salmonella enteritidis (dublin). Антигендік қҧрылымы жағынан «Д» тобына жатады.