Микробиология



Pdf көрінісі
бет121/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Бақылау сұрақтары:
 
1 Зертханаларда жануарлар бруцеллезін 
балаудың принципі. 2 Бруцеллезге микробиологиялық диагноз қою ҥшін 
алынған материалдарды алу тәртібі мен техникасы. 3 Ауруды балау 
ҥшін бактериологиялық зерттеу жҥргізу тәртібі. 4 Бруцеллаларды 
идентификациялау тәсілдері мен олардың патогенділігі. 5 Зертханалық 
жануарларға биосынама қалай қойылады? 6 Бруцеллезді балауда 
қолданылатын серологиялық тәсілдер, олардың практикалық маңызы.
 
ТУБЕРКУЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ 
 
Туберкулез қоздырғышы
– 
Mycobacterium tuberculosis
. Ауыл 
шаруашылық малдары мен адамдарға қауіпті микобактериялар 
қатарына:
Mycobacterium 
tuberculosis 
– 
адам туберкулезінің 
қоздырғышы; 
Mycobacterium bovis – 
мҥйізді ірі қара туберкулезінің 
қоздырғышы; 
Mycobacterium avium – 
қҧстар туберкулезінің қоздырғышы 
жатады

Туберкулез – әр тҥрлі органдар мен ҧлпаларда ерекше 
тҥйіндердің (туберкулалар) тҥзілуімен сипатталып, адамдар мен 
жануарларға ортақ созылмалы ауру.
Патологиялық материал. 
Малдардың тірі кезінде зертханаға 
танаудан, кеңірдектен алынған шырыштар, сҥт (желін ҥстіндегі лимфа 
бездері ҧлғайған кезде), нәжіс, кейде зәрі жіберіледі. Сойылған 
малдардың зақымдалған органдары мен лимфа бездері алынады. Ал 
қҧстардың ӛлексесі тҧтас жӛнелтіледі. Зертханада олардың зақымдалған 
бауыры, кӛк бауыры, ӛкпесі, аналық бездерін алып зерттейді. Аталған 
патологиялық материалдарды уақытында зерттеуге жіберуге мҥмкіндік 
болмаған жағдайда, оларды 30-40%- глицериннің судағы ерітіндісімен 
консервілейді немесе мҧздатылған кҥйде жӛнелтеді.
Әдетте ҥлгілерде микобактериялар аз мӛлшерде болады. Сол 
себептен 
қақырық, ірің, шырышқа
натрий фосфатының 10%-ды 
ерітіндісін бірдей кӛлемде қосып, 24 сағат бойы термостатта ҧстайды. 
Зерттеуге 10-15 минут аралығында 3000 айналыммен центрифугаланған 
ҥлгінің тҧнбасы алынады.
Зақымдалған ұлпаларды
ҧсақтағаннан кейін, оған 1:4 қатынасында 
6%-ды кҥкірт қышқылын қосып, стерильді келіде ҧнтақтайды. Сонан соң 
ҥлгіні екі қабатталған дәкемен сҥзіп, центрифугалайды. Тҧнбаға 
физиологиялық ерітінді қҧйып, қайта центрифугалайды. Осылай екі-ҥш 
рет жуылғаннан кейін тҧнбаны қоректік орталарға себеді және жағынды 
жасайды.
Сүтті
20-30 минут 3000 айналымда центрифугаланып, оған 6%-ды 
кҥкірт қышқылы қосылады да физиологиялық ерітіндімен бірнеше рет 
центрифуга кӛмегімен шайылады. Зерттеуге сҥттің тҧнбасы немесе 
қаймақ қабаты алынады.
Шыны тҥтіктегі 2-4 г 
май
ҥлгісіне ыстық су қҧйып, тығынын 
жауып, 10-15 минут шайқағаннан кейін, тӛңкеріп салқын жерде 
қалдырады. Май қатқан соң шыны тҥтікті абайлап ашып, сҧйықтықты 


144 
центрифуганың шыны тҥтіктеріне қҧйып алады. Майдың сҧйықтығы сҥт 
сияқты тексеріледі.
50 г 
нәжіс
стерильді келіде кҥкірт қышқылының 18%-ды 
ерітіндісінде ҧнтақталады да дәкемен сҥзіліп, центрифугаланады. Пайда 
болған тҧнба жоғарыда кӛрсетілгендей зерттеледі.
Микобактериялардың концентрациясын 
флотация тәсілімен
де 
кӛбейтуге болады. Ол ҥшін әдеттегідей дайындалған ҥлгілердің 10 мл-ін 
ауызы тар шыны ыдысқа қҧйып, оған 1%-ды NaOH ерітіндісін қосып, 
тығынын жауып, 10 минут шайқайды. Қоспа дистилденген сумен 1:10 
қатынасында сҧйылтылады да, оған ксилолдың немесе бензиннің 1-2 мл-
і қҧйылады. Ақырында шыны сауытқа толтыра су қҧйылады. 30 минут 
бойы тҧрған судың беткі жағында ксилолдың тамшыларынан пайда 
болған флотациялық сақиналардан қоректік орталарға себеді және 
жағынды-препараттар дайындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет