Микробиология



Pdf көрінісі
бет128/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

 
Биологиялық сынау. 
Органдар мен ҧлпалардан дайындалған 0,3-
0,5 мл мӛлшердегі суспензияны 16-18 г салмақтағы немесе 5-6 кҥндік ақ 
тышқандардың тері астына немесе қҧрсақ қуысына жҧқтырады. 
Жҧқтырылған материалдың қҧрамында листериялар болса, 5-6 кҥндік ақ 
тышқандар 18-36 сағаттан соң ӛледі. Ересек тышқандарды 14 тәулік 
бойы бақылауға алады. Ӛлген тышқандардың ішкі органдарынан 
қоректік орталарға себеді және жағынды жасайды. Листерияларды 
шошқа тілмесінің қоздырғышынан ажырату ҥшін конъюнктивальды 
және тері сынамасы қойылады. 
Конъюнктивальды сынау
қою ҥшін теңіз 
шошқасы кӛзінің конъюнктивасына тәуліктік ӛсіндіні тамызады. 
Листериялар 
2-4 
кҥннен 
соң 
іріңді 
конъюнктивитті 
(және 
кератоконъюнктивит) қоздырады. 
Тері сынауын
ҥй қоянының немесе 
теңіз шошқасының бҥйір терісінің ішіне 0,3-0,5 мл тәуліктік ӛсіндіні 
егеді. Листериялар 1-2 тәуліктен соң теріні некрозға ҧшыратады.
Серологиялық балауы 
агглютинация және комплементті 
байланыстыру реакцияларының кӛмегімен іске асырылады. АР-сында 
қой, ешкі және шошқа қан сарысулары 1:200-ді, ал жылқы мен ірі қара 
мал ҥшін 1:400, қояндар 1:50 титрді кӛрсетсе реакция оң (++ кем емес) 
деп есептеледі. КБР-сында малдардың қан сарысулары 1:10 титрді (+++ 
кем емес) кӛрсеткендері оң нәтиже деп есептеледі.
Сонымен, листериозға бактериологиялық 
диагноз қою
ҥшін 
полиморфты, грам-оң, жылжымалы, таяқша тәрізді, каталазалық 
белсенділігі бар, глюкоза, рамноза, мальтоза және салицинді газсыз 
қышқыл тҥзе ыдырататын, конъюнктивальды, тері сынаулары бойынша 
және листериозды қан сарысуы АР-сында оң нәтиже кӛрсететін 
бактерияларды бӛліп алу керек.


150 
Бақылау сұрақтары:
1 Листериозға сезімтал жануарлардың 
тҥрлері. 2 Листериозды анықтауда алынатын патологиялық материалдар 
мен оларды бактериологиялық зерттеу. 3 Листерияларды ӛсіруге 
арналған қоректік орталар, олардың ӛсінділік және ферментативтік 
қасиеттері. 4 Листерияның морфологиялық және тинкториальдық 
қасиеттері, оны шошқа тілмесі бактериясынан ажырату белгілері.
5 Листериялардың серологиялық идентификациясы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет