Микробиология



Pdf көрінісі
бет126/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

 
ЛИСТЕРИОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ 
Листериоз қоздырғышы – 
Listeria monocytogenes.
Бҧл ауруға 
кӛптеген ауылшаруашылық және жабайы жануарлар, кеміргіштер, 
қҧстар және адамдар шалдығады. Листериоз ауруы кезінде орталық нерв 
жҥйесі (менингоэнцефалит), жыныс органдары (іш тастау), сҥт бездері 
(желінсау) зақымдалады және септицемия байқалады.
Патологиялық материал. 
Зерттеуге ҧсақ жануарлардың ӛлексесі 
тҧтас, ірі малдардың басы, паренхиматозды мҥшелері, іш тасталған тӛл 
қабықшасымен бірге, желіннің зақымдалған бӛлігінен алынған сҥт 
жіберіледі. Кҥдікті малдардың қаны серологиялық зерттеуге алынады.
Микроскопиясы. 
Бас миы мен ішкі органдардан жасалған 
жағындылар Грам тәсілі және флуорисцирлеуші антиденелер бойынша 
боялады. Грам тәсілімен боялған препараттарда листериялар ҧштары 
дӛңгеленіп келген грам-оң, жеке-жеке, 
римнің бестік санына ҧқсас, қысқа тізбек 
немесе параллель орналасқан таяқша 
тҥрінде, кӛлемі 0,5-2 мкм полиморфты 
жасушалар ретінде кездеседі (63-сурет). 
Люминесценттік микроскопияда олар 
жарқырауық 
таяқшалар 
немесе 
полиморфты жасуша тҥрінде кӛрінеді. 
Ӛсінділік қасиеттері.
Микроаэрофил 
болғандықтан, 5-10%-ды СО
2
бар ауада 
жақсы 
ӛседі. 
Қолайлы 
ӛсу 
температурасы 
37ºС. 
Патологиялық 
материалдардан 
қарапайым 
немесе 
63-сурет. Листериялардың 
микроскопиясы
 


148 
бауыр, 1% глюкоза мен 2-3% глицерин қосылған тығыз және сҧйық 
қоректік орталарға, 5%-ды қанды агарға және элективті орталарға (калий 
теллуриті мен флоримицин қосылған ЕПА, калий теллуриті мен қан 
сарысуы қосылған ЕПА) себінді жасап, екі апта бойы термостатта 
ҧстайды. 
 
Сонымен қатар зерттеуге алынған материалдардың бір бӛлігін 30 кҥнге 
дейін мҧздатқышта (4ºС) ҧстайды, ӛйткені мҧндай температурада 
листериялардың кӛбеюі байқалады. Алғашқы себудің нәтижесі теріс 
болған жағдайда, мҧздатқыштағы ҥлгілерден әр 10 кҥн сайын қоректік 
орталарға қайтара себінді жасап отырады.
Листериоз қоздырғышы ЕПС-сын сәл ғана лайлайды, ал ЕПА-да 
ҧсақ тамшыларға ҧқсас колонияларды тҥзеді (64-сурет). Қан қосылған 
агарда олар гемолиз аймағын қалыптастырады. Тығыз қоректік 
орталардағы колониялар кӛкшіл жарық сҥзгілерінде жасылтым, ҧсақ 
тҥйіршікті кӛгілдір тҥсті болып кӛрінеді. Қоздырғыш спора және 
капсула тҥзбейді. Тӛменгі температурада (20-22ºС), 6-12 сағат 
аралығында сҧйық қоректік ортада ӛсірілген листериялардың 
жылжымалық қасиеттері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет