181
ВЕЗИКУЛЯРЛЫ СТОМАТИТ
Везикулярлы стоматит (
Stomatitis vesicularis
) – жіті тҥрде ӛтетін,
жануарлардың вирустық антропозоонозды ауруы. Бҧл ауруға ҥй
жануарларының
ішінен жылқы, ірі қара мал, шошқа, жабайы
жануарлардан қашыр, бҧғы, елік, сілеусін, қабан және кӛптеген ҧсақ
тропикалық сҥт қоректі жануарлар мен адамдар шалдығады. Ауруға
шалдыққан жануарлардың дене қызуы кӛтерілуі,
азыққа тәбетінің
жоғалуы, ауыз қуысы кілегейлі қабықшаларында, тілінде, ерінінде,
мҧрын қуыстарында везикулалардың пайда болуымен, желін
ҥрпілерінің, сирек жағдайда тҧяқ
арасының терісі, тәжі мен май
табандарының зақымдануымен сипатталады. Зертхана немесе ауру мал
желіндерін ҧстаған жағдайда жҧқтырылған адамдарда ауру ағымы
латентті тҥрде немесе тҧмау тәрізді ӛтуі мҥмкін.
Везикулярлы стоматит қоздырғышы РНҚ вирустар тобына,
Rhabdoviridae
тҧқымдасына,
Vesiculovirus
туысына жатады. Бҧл вирусты
алғаш рет 1925
жылы Коттон, Олитский, Траум және Шенинг ашқан.
Вирустардың пішіні оқ тәрізді, кӛлемі 70-175 нм, капсид симметриясы
спиральді. Вирустар кҥрделі, сыртқы липопротеидті қабықшасы бар.
Қазіргі уақытта ортақ антигендері бар Нью Джерси және Индиана деп
аталатын екі серологиялық типі белгілі. Бҧл
типтері бір-бірінен
бейтараптау және комплементті байланыстыру реакциялары арқылы
ажыратылады. Нью Джерси деп аталатын типі жиі кездеседі, бҧл типіне
шалдыққан малдардың ауру ағымы ауыр тҥрде ӛтеді.
Везикулярлы
стоматит
вирусы
мҧздатылған,
кептірілген
жағдайларда, рН-ы 4,0–10,0 аралығында болатын орталарда ҧзақ
сақталады. рН-ы 2,0 және 12,0 болатын орталарда вирустың РНҚ
талқандалады. +18-20ºС-де 3,5 айға дейін, +58-60ºС-де 30 минут бойы
тіршілігін
жоймайды, ал +100ºС-де сол сәтте инактивацияланады.
Дезинфекциялағыш заттар ретінде 2-3%-ды кҥйдіргіш натрий мен 1-3%-
ды формальдегид ерітінділері болып табылады.
Қоздырғыш
ауруға
шалдыққан
және
аурудан
сауыққан
жануарлардың сілекейі, ашық везикулалардың эпителилері немесе
экссудаттары арқылы сыртқы ортаға таралады. Вирус ауыз қуысының
зақымданған кілегейлі қабықшалары,
жарақаттанған тері, тҧяқ арасы,
желіні арқылы организмге енеді. Аэрозольды жолмен организмге тҥскен
жағдайда ірі қара малдардың қанында антиденелер тҥзіліп, аурудың
белгілері байқалмайды. Вирус организмге енген жерінің эпидермисінде
кӛбейеді, сол жерде ісік, кейіннен везикулалар пайда болады. Жарылған
везикулалар арқылы вирус сыртқы ортаға тарайды. Аурудың жасырын
кезеңі 1 тәуліктен 21 тәулікке дейін созылады.
Везикулярлы стоматитті балау эпизоотологиялық деректерге,
клиникалық
белгілеріне,
патологоанатомиялық
ӛзгерістеріне,
зертханалық
жағдайда
жҧқтырылған
тауық
эмбриондарынан,
тышқандардан, тауық эмбрионының фибробласттары мен шошқа
182
бҥйрегінен дайындалған жасуша ӛсінділерінен вирустарды бӛліп
алуға
және теңіз шошқаларының табандарына, шошқалардың тҧмсықтарына
биологиялық сынама қоюға, сонымен қатар комплементті байланыстыру
реакциясы,
иммунды
ферменттік
талдау
мен
бейтараптау
реакцияларының кӛмегімен вирустарды анықтауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: