Микробиология



Pdf көрінісі
бет157/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Клиникалық белгілері. 
Ірі қара малдарда
бастапқы кезде 2-3 кҥн 
бойы дене қызуы жоғарлауы байқалады, сҥт ӛнімділігі тӛмендейді, 
бҧлшық еттерінің треморы, кейінірек еріндерінің дірілдеуі, тістерін 
қышырлатуы, сілекей ағуы байқалады. Ауыз және мҧрын қуыстарында, 
желінінде, тҧяқтарының арасында кҥлдіреуікті жарақаттар пайда болып, 
24 сағаттан кейін кҥлдіреуіктер жарылады да, ойық жаралар пайда 
болады. Малдар 8-15 тәуліктен соң аурудан сауыға бастайды. Ауру 
асқынғанда 
тілдерінің 
беті 
эрозияға 
ҧшырайды, 
тҧяқтары 
деформацияланады, желінсау, миокардит, іш тастау, салмағын 
жоғалтады, денесінің терморегуляциясы бҧзылады, жас малдар ӛлімге 
ҧшырайды. 
Қой мен ешкілерде
клиникалық белгілері нашар байқалады. 
Тҧяқтарының зақымдалуы білінбей ӛтеді. Қойлардың ауыз қуысының 
кілегей қабықтары зақымдалады. Қой мен ешкілердің лактация кезеңі 
тоқтайды. Тӛлдері ӛлімге ҧшырайды. 
Шошқаларды
бетоннан қҧйылған еденді жерде ҧстаған жағдайда 
тҧяқтарының серозды қабынулары дамиды. Торайлар жаппай қырылады.
Патологоанатомиялық ӛзгерістері. 
Жануарлардың тілінде, қызыл 
иегінде, бетінде, ерінінде, танауында, тҧмсығында, желін ҥрпілерінде, 
ӛңешінде, алдыңғы қарынында, шошқалардың тҧмсығында, тәжі мен 
тҧяқтарының арасында афталар (кҥлдіреуіктер) мен эрозиялар 
байқалады. Тӛлдердің ішектерінің кілегейлі қабықшалары қабынған, 
миокарды зақымдалған (жҥрегінде жолбарыс жолақтарына ҧқсас 
синдром) болады. 


179 
Дифференциалдық балауы. 
Аусыл ауруын везикулярлық 
стоматиттен, шошқалардың везикулярлы экзантемасынан, ірі қара 
малдар обасынан, ірі қара малдардың кілегейлі қабықтарының мукозды 
қабынуынан, инфекциялық ринотрахеитінен, жаралы маммилитінен, 
папулезді стоматитінен, вирустық диареясынан, қойлардың катаральды 
қызбасынан (Блутанг) ажырату қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет