Микробиология



Pdf көрінісі
бет171/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Дифференциалдық балауы. 
Шошқалардың классикалық обасын 
шошқаның африкалық обасынан (ҥлгілерді міндетті тҥрде зертханаға 
жібереді), дизентериядан, сальмонеллезден, шошқа тілмесінен, 
пастереллезден, Ауески ауруынан, тҧмаудан (инфлюэнца), вирусты 
гастроэнтериттен, энзоотикалық пневмониядан, стрептококкоздан және 
кумарин, госсипол, т.б. уланулардан ажырату қажет. 
Зертханалық балауы. 
Зерттеуге қажетті материал ретінде
жануар ӛлгеннен кейін 2 сағат аралығында немесе агональды жағдайда 
жатқан 2-3 жануардың миндалиналары, кӛмей мен шажырқай бездері, 
кӛк бауыр, бҥйрек, мықын ішек кесінділері, қанын, аурудан сауыққан 
және кҥдіктілерінің қан сарысуларын стерильді ыдыстарға алады да, 
сыртын 
5%-ды 
хлорамин 
ерітіндісімен 
ӛңдегеннен 
кейін 
дезинфекциялаушы ерітіндімен ылғалдандырылған дәкемен орап, 
полиэтиленді қалтаға, сосын ішінде мҧзы бар термостарға салып 
зертханаға жӛнелтіледі.
Вирустарды өсіру
. Шошқалардың классикалық оба вирусы ӛкпе, 
кӛк бауыр, бҥйрек жасушалары мен лейкоциттерден (цитопатогендік 
әсері анық байқалмайды), торайлардың тестикуласынан (цитопатогендік 
әсері байқалады) дайындалған алғашқы және торайлардың бҥйрегінен 
алынған тҧрақты (РК-15) жасуша ӛсінділерінде репродукцияланады. 
Жасуша ӛсінділеріндегі вирустардың максимальды титрі 4-8 кҥннен 
кейін байқалады. Сонымен қатар, бҧл вирусты зертхана жағдайында 
иммунделмеген шошқалардың организмінде шексіз ӛсіре беруге болады. 
Бірақ бҧл әдіс ӛте қымбат және қауіпті болып саналатындықтан арнайы 
рҧқсатты қажет етеді. 
Биосынама 
қою ҥшін жҧқпалы аурулардан таза шаруашылықтардан 
алынған салмақтары 20-30 кг болатын 2-3 айлық торайлар қолданылады. 
Жҧқтыратын материал ретінде зерттеуге алынған патологиялық 
материалдардың 10%-ды суспензиясы немесе қаны алынады. Ол ҥшін 
суспензияны антибиотикпен ӛңдеп, 4 сағат бойы +4ºС температурада 
ҧстағаннан кейін центрифугалап, тҧнба сҧйықтығының 2 мл-ін немесе 
қанның 1 мл-ін иммунделмеген ҥш торайдың тері астына
егеді. 
Шошқалардың африкалық обасынан ажырату ҥшін классикалық 
обасына қарсы иммунделген екі торайға жоғарыда кӛрсетілген дозада 
жҧқтырылады. Ал жҧқтырылмаған екі торайды бақылау ретінде алып, 
бӛлек ҧстайды. Патологиялық материал жҧқтырылған барлық 
торайларды 21 кҥн бойы кҥнделікті дене қызуын ӛлшеу арқылы бақылап 
отырады. Егер иммунделмеген 3 торайдың екеуінен аурудың 
клиникалық белгілері анықталса немесе ӛлімге ҧшыраса, ал 
иммунделген 2 торай сау қалса, реакция нәтижесі оң деп есептеледі. 


194 
Реакция теріс болған жағдайда 3-6 аптадан кейін бастапқы торайлармен 
бірге 2 сезімтал жануарға қосымша жҧқтырады. Вируленттілігі жоғары 
штамдармен жҧқтырылған жануарлардың 40%-ы немесе оданда 
жоғарғысы ӛлімге ҧшырап, ауруға тін белгілері анық кӛрінеді. 
Вируленттілігі әлсіз штамдарымен жҧқтырылған 15-20 кг болатын 
жануарларда аурудың созылмалы ағымы байқалса, салмағы 35 кг 
шошқалардың дене қызуының бірнеше кҥнге дейін кӛтерілуімен 
шектеліп қана қояды. Мҧндай жануарларды сойып тексергенде, аздаған 
нҥктелі қанталаулар байқалады. 
Гистологиялық зерттеу 
жҥйке ҧлпаларындағы ӛзгерістерді 
анықтау мақсатында жҥргізіледі. Ол ҥшін ӛлген немесе сойылған 
шошқалардың бас миының жарты шарын, мишығын, әр жерінің 
жҧлынын алғаннан кейін, олардан гистологиялық препараттар 
дайындап, гемотоксилин-эозинмен бояйды. Кӛпшілік жағдайда (70-93%) 
орталық жҥйке жҥйесінде лимфоцитарлық энцефаломиелит пен 
ганглиозды жасушалардың дистрофиясы байқалады. Лимфа бездерінен, 
жҥрек бҧлшық еттері мен бҥйректен дайындалған кесінділерде 
жасушалар ядросының ішінен ядрошықтардан бірнеше есе кіші, ҧсақ 
ацидофильді денешіктер кӛрінеді.
Вирустардың 
серологиялық 
идентификациясында 
иммунды 
флуоресценция, жанама гемагглютинация, диффузиялық преципитация, 
иммунды электрофорез, пероксидазалық байланыстарды бейтараптау, 
полимеразалық тізбекті реакциялар мен иммунды ферменттік талдау 
әдістері 
қолданылады. 
Шошқалардың 
африкалық 
обасының 
ретроспективті балауында 
 
комплементті байланыстыру, диффузиялық 
преципитация, 
иммунды 
флуоресценция 
және 
бейтараптау 
реакцияларының кӛмегімен іске асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет