191
Ауру қоздырғышы
РНҚ-лы бар вирустар тобына,
Flaviviridae
тҧқымдастығының
Pestivirus
туысына жатады. Вирус қҧрамында 3-4
қҧрылымды белоктары бар, кӛлемі 40-60 нм болады. Вируленттілігі
жағынан қоздырғыштың А, В және С
варианттары анықталған. А
тобының вирулентті штамы барлық жастағы шошқаларды, В тобына
жататындары
тек торайларға вирулентті, ал ересек шошқаларды атипті
немесе созылмалы оба ауруын шалдықтырады. Ал С тобына
вируленттілігі тӛмен америкалық 331 штамы жатады. Бҧл
ауруға
шалдыққан жануарлардың организмінде вирусты бейтараптаушы және
комплементті байланыстырушы антиденелер тҥзіледі.
Бҧл вирусты 1908
жылы алғаш рет Швейнитц пен Дорсе анықтаған.
Қоршаған ортада шошқалардың классикалық оба вирусы ҧзақ
уақыт сақталады, әсіресе қыс мезгілінде.
Лиофилизацияланған вирус
жақсы сақталады. Вирус топырақта 1-2 аптаға, ӛлексе мен кӛңде 3-5
кҥнге дейін белсенділігін жоймайды. –5ºС-де тҧрған қанның қҧрамында
6 ай, салқындатылған етте 2-4 ай, мҧздатылған етте бірнеше жыл,
тҧздалған етте 10 ай, ысталған етте 3 ай бойы сақталады. Вирус +60ºС-де
10 минутта, ал қайнатқанда сол сәтте инактивацияланады.
Тиімді дезинфекциялық препараттар ретінде кҥйдіргіш натрийдің 2-
3%-ды
ерітіндісі, формальдегидтің 2,5%-ды ерітіндісі, 15-20%-ды
хлорлы әк қолданылады. Бҧл дезинфектанттар вирустарды 1 сағат
аралығында жояды.
Шошқалардың классикалық обасын балау эпизоотологиялық
деректерге,
клиникалық
белгілеріне,
патологоанатомиялық
ӛзгерістеріне, вирустарды бӛліп алуға,
гистологиялық зерттеулерге,
торайлар мен иммунделмеген шошқаларға биосынама қоюға және
серологиялық реакциялармен анықтауға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: