Микробиология



Pdf көрінісі
бет31/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Бақылау сұрақтары:
 
1 Бактерияларды «ӛсіру» деген мағынаны 
қалай тҥсінуге болады? 2 Микроорганизмдерді ӛсіру тәсілдерінің негізгі 
жағдайлары. 3 Микробтарды себу мен қайта себу қандай мақсатта 
қолданылады?
 
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ТАЗА ӚСІНДІЛЕРІН БӚЛІП АЛУ 
ТӘСІЛДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КОЛОНИЯЛАРЫН ЗЕРТТЕУ 
Микроорганизмдердің таза ӛсіндісін бӛліп алу. 
Әдетте, зерттеуге 
алынған материалда микробтардың бір ғана тҥрі емес, кӛптеген тҥрлері 
кездеседі. Солардың ішінен керекті микробтың бір тҥрін бӛліп алу ҥшін 
бірнеше тәсілдер қолданылады. 
Сұйылту тәсілі.
Зерттеуге алынған материал физиологиялық 
ерітіндіде сҧйылтылады. Материалдың тҥрі мен ондағы микробтардың 
мӛлшеріне байланысты сҧйылту 10
-2
;10
-3
;
10
-4
;10
-5
және тағы басқа 
болады. Сҧйылту кӛбейген сайын микробтар саны азая тҥседі. Бҧл 
жағдай микробтардың жекеленген жасушаларын бӛліп алуға, демек таза 
ӛсіндіні алуға мҥмкіндік береді. Бҧл ҥшін кейінгі сҧйылтулардан тығыз 
қоректік орталарға себінді жасайды. Осы тәсіл әр микроб жасушасынан 
жекеленген колониялардың ӛсіп шығуына мҥмкіндік туғызады. 
Жекеленген колониялар басқа қоректік орталарға қайта себіледі. Олар 
таза ӛсіндінің негізін қҧрайды. 
Ыдырата себу.
Петри шынысындағы ЕПА-ға зерттеуге алынған 
материалдың бір тамшысын тамызып, стерильді шпательмен біркелкі 
таратады. Сонан соң шпательдегі микробтардың қалдығын, екінші 
шыныдағы ортаның бетіне таратады. Осылайша шпательді бірнеше 
қоректік орталардың бетінен ӛткізеді. Кейінгі шыны аяқтарға микробтар 
аз тҥседі, санаулы колониялар пайда болады. Бҧл колониялардан 
микробтардың таза ӛсінділерін ӛсіруге болады. 


37 
Таңдаулы орталардың көмегімен өсінділерді алу.
Барлық микробтар 
қарапайым қоректік орталарда ӛсе бермейді. Белгілі бір тҥрдің 
микробтарын ӛсіруге арналған қоректік орталарды таңдаулы немесе 
таңдаулы деп атайды. Бҧл орталарды орыс микробиологы Виноградский 
С.Н. ҧсынған (1888-1890 жж). Нитрификациялаушы бактерияларды 
зерттей отыра, С.Н. Виноградский олардың қоректік орталарға 
органикалық заттарды қосқанда ӛспеуін байқайды, ол минералды 
орталарды қолдана отыра нитрификатордың ӛсінділерін алды. Сҥт 
қышқылды бактериялардың таңдаулы ортасы – сҥт. Лактозаны ашыта 
отыра, олар қышқыл тҥзіп алкалифилдердің (аммонификаторлар мен 
басқа микроорганизмдердің) ӛсіп-ӛнуіне қолайлы жағдай туғызды. 
Туберкулез микобактерияларын бӛліп алу ҥшін глицеринді ет-
пептонды, глицеринді-крахмалды, белокты және басқа қоректік 
орталарды қолданады. Мҧндай орталарға (Петраньяни, Левенштейн-
Иенсен) бӛгде микробтардың ӛсуін тежеу ҥшін әр тҥрлі бояғыштарды 
(малахитты 
жасыл, 
кӛгілдір 
генцианфиолет) 
қосады. 
Зең 
саңырауқҧлақтар мен ашытқыларды кӛмірсулары бар қоректік орталарда 
ӛсіреді (қызбаған сыра ашытқысы және т.б.). Мҧндай орталарда қанттың 
мӛлшері 6-8ºБ шамасында болуы керек. Бҧл орталарға актидион 
антибиотигін қосып, трихофитонды ӛсіруге арналған таңдаулы ортаны 
дайындауға болады. Актидион басқа саңырауқҧлақтардың ӛсуін тежеп 
дерматофиттердің ӛсуіне қолайлы жағдай жасайды. Бҧл ортадан басқа да 
таңдаулы орталар бар. 
Бациллаларды бөліп алудың тәсілі.
Зерттеуге алынған материалда 
микробтардың споралы және спорасыз формаларының болуы мҥмкін. 
Оларды материалдан 70-80ºС температурада 10-15 минут ішінде 
қыздыру арқылы бір-бірінен бӛліп алуға болады. Мҧндай температурада 
микробтардың вегетативті формалары бӛлініп, тек қана спора тҥзетін 
тҥрлері (бациллалар) ғана тірі қалады. 
Өсіндіні биологиялық әдіспен тазарту тәсілі.
Патологиялық 
материалдардан ауру қоздырғышын бӛліп алу ҥшін зертханалық 
жануарларға осы материалды жҧқтырады. Егер жорамалданған ӛсінді 
ҧрық тҥзетін болса, материалды су моншасында қыздырады. Осындай 
суспензияны сезімтал жануарлардың организміне енгізгенде (мысалы, 
қарасан ауруына кҥдіктенгенде теңіз шошқасына егеді), тәжірибедегі 
жануар 18-36 сағаттан соң ӛледі. Таңдаулы ортаны қолдана отыра, ӛлген 
жануардың органдарынан ауру қоздырғышын бӛліп алуға болады 
(мысалы, 
Кит-Тароций 
ортасында). 
Пастереллез 
ауруының 
қоздырғышын ішек таяқшалар мен стафилококкалардан және басқа 
микробтардан бӛліп алу ҥшін ауруға сезімтал ҥй қоянын жҧқтырады. 
Егер қоспада пастереллалар болса, онда бір тәуліктен соң олар 
жануардың ӛлуіне себепкер болады. Ӛлген ҥй қояндарының 
органдарынан қоректік орталарға себінді жасайды. ЕПА-нда 
пастереллалар ҧсақ мӛлдір колония қҧрайды, ал ЕПС біркелкі лайланып, 


38 
шыны тҥтік тҥбінде тҧнба пайда болады. Бҧл тҧнба шыны тҥтікті 
шайқаған кезде бҧрымша ретінде жоғары кӛтеріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет