Микроорганизмдердің тығыз және сҧйық қоректік орталарда ӛсуі. Әр микробтар ӛсінділері қоректік орталарда ӛздеріне тән
колонияларды қҧрайды. Соған байланысты
тығыз қоректік орталарда өскен колониялардың мынадай белгілері болады:
Пішіні: дӛңгелек, сопақ, тармақталған және т.б.
Мөлшері: нҥкте тәріздес, шық тәріздес, диаметрлері 1 мм ден аспайтын,
ҧсақ (d 1-2 мм), орташа (2-4 мм), ірі (4 мм ден кӛп) колониялар.
Беткейі: тегіс немесе қатпарлы, кҥңгірт немесе жылтыр және т.б.
Мөлдірлігі: мӛлдір және мӛлдірлігі әр деңгейде.
Консистенциясы: шырышты, ҧнтақты, тығыз және т.б.
Пигмент: қызыл, сары, қара, кӛк және т.б. Қызыл пигментті кейбір
актиномицеттер, ашытқылар, бактериялар тҥзеді. Қызыл пигменттерді
ғажап таяқшалар, кӛк пигментті кӛк ірің таяқшасы тҥзеді. Сары тҥсті
пигменттер стафилококкалар мен сарцина жасушаларында кездеседі.
Қара немесе қоңыр пигменттерді кейбір саңырауқҧлақтар тҥзеді.
Микробтардың сұйық ортада өсуі. Кейбір микроорганизмдер
қоректік орта бетінде жҧқа қабық қҧрса, ал кейбіреулері қатпарлы,
жылтыр қабықтар қҧрап ӛседі. Бірнеше микроорганизмдердің ӛкілдері
қоректік ортаның бетінде сақина тәріздес форма қҧрайды. Ортаның тҥсі
микробтардың шығаратын пигменттерінің тҥсіне байланысты болады.
Қоректік ортаның лайлануы да микроорганизмдердің тҥрлеріне
байланысты. Тҧнба тҥйіршікті, мақта тәріздес болып келеді.
Етті-пептонды желатинде өскен микроорганизмдер келесі
колонияларды қҧрайды:
Пішіні: дӛңгелек, сопақ, бҧтақталған.
Мөлшері: нҥкте тәріздес (ҧсақ), орта, ірі.
Мөлдірлігі: мӛлдір және мӛлдір емес.
Шеті: тегіс, жыртылған, қалақ тәріздес, тісті доңғалақ тәріздес.
Беткейі: кҥңгірт, жылтыр, тегіс немесе қатпарлы.
Желатинді ыдыратуы: тез, бояу.
Микроорганизмдердің шаншу бойында өсуі. Қоректік ортаның
ҥстіңгі жағында аэробтар ӛседі, ал тӛменгі жағында анаэробтар ӛседі.
Шаншу сызығы: жаппай, тізбек тәріздес, шырша тәріздес (тік немесе
аударылған), қауырсын сықылды және т.б.
Сұйылтуы: воронка тәріздес, кратер сықылды, шҧлық тәріздес және т.б.
Газ түзуі: газ кӛпіршіктері тҥзіледі немесе олар болмайды. Жоғарғы
температурада желатин ӛздігінен сҧйылады.