7
керекті барлық жабдықтардың болуы тиіс (мҧздатқыш, дистиллятор,
таразылар, центрифуга, микроскоп және т.б.).
Бокс бөлмесі –
стерильді жағдайда микроорганизмдер ӛсінділерін
себу және қайта себу, сонымен қатар, кейбір ғылыми-зерттеу
жҧмыстарын жҥргізуде қолданылатын бӛлме. Бокстың жылжымалы есігі
бар тамбуры болады. Бокстың терезесі сыртқы ортадан ауа кірмейтіндей
әйнектеліп, қабырғалары плиткамен қапталады немесе майлы бояумен
сырланады.
Еденіне
линолеум
тӛселеді.
Боксты
натрий
гидрокарбонатын (2-3%-ды ас содасы), 3-5%-ды карбол қышқылы және
басқа да дезинфекциялағыш заттардың ерітінділерімен ылғалдандырып,
жуып тҧрады. Бӛлмені толқын ҧзындығы 254 нм ультракҥлгін
сәулелерін тарататын бактерицидті лампалармен (БУВ-15, БУВ-30, т.б.)
30 минуттан бірнеше сағат аралығында стерильдейді. Бактерицидтік
лампа іске қосылып тҧрған уақытта бӛлмеге кірмеген дҧрыс, ӛйткені
ультракҥлгін сәулелері кӛздің қасаң қабығын қабындырады.
Виварий –
ақ тышқандарды, ақ егеуқҧйрықтарды, теңіз
шошқаларын, ҥй қояндарын және басқа зертханалық жануарларды
кҥтуге арналған бӛлме. Жануарлар ғылыми-зерттеу жҧмыстарында және
сабақ ӛткізу ҥшін қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: