Микробиология



Pdf көрінісі
бет8/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Бақылау сұрақтары:
 
1 Қарапайым, люминесцентті және 
электронды микроскоптардың қҧрылымы. 2 Макро және микро 
бҧрағыштармен жҧмыс істеу тәртібі. 3 Микроскоптың окуляры мен 
басқа да оптикалық бӛлімдері, олардың ҥлкейту дәрежелерін анықтау.
4 Микробиологиялық зертхананың бӛлімдері, қауіпсіздік техникалары.
 
 
2-сурет. «ЛЮМАМ РПО 11» 
люминесцентті микроскоп
 
3-сурет. «ZEISS LEO SUPRA 25» 
электронды микроскоп 


12 
ШАР ТӘРІЗДІ МИКРООРГАНИЗМДЕР.
БАКТЕРИЯЛАРДЫ БОЯУДЫҢ ҚАРАПАЙЫМ ТӘСІЛІ
Препараттарды дайындау
Зат және жамылғы шыныларын өңдеу.
Микроскопиялық 
препаратты дайындау алдында зат және жамылғы шынылар ӛңдеуден 
ӛткізіліп, майынан тазартылуы қажет. Су тамшысының шыны бетінде 
біркелкі таралуы – оның жақсы майсыздандырылғандығының дәлелі. 
Қолданылмаған шыныларды әуелі суда жуып, сонан соң оларды 
Никифор ерітіндісінде ҧстайды. Препаратты дайындар алдында 
шыныларды жалынның ҥстінде ҧстап, қыздырып алады. Жаңа 
шыныларды 1%-дық натрий гидрокарбонатының (соданың) ерітіндісінде 
10 минут қайнатып, дистилденген сумен (0,5% тҧз қышқылы қосылған) 
жуып, алғаннан кейін дистилденген сумен шаяды. Қолданылып жҥрген 
шынылар концентрацияланған кҥкірт қышқылының ерітіндісінде немесе 
оның 5% калий дихроматы қосылған ерітіндісімен ӛңделеді (ерітіндіні 
дайындау тәртібі: 6 г калий дихроматына 100 мл дистилденген су және 
100 мл кҥкірт қышқылын қосып шайқаған соң бір кҥнге қалдырады. 
Ерітінді кҥңгірт қызғылт сары тҥске боялады. Хромды қоспа ӛте кҥшті 
тотықтырғыш болғандықтан органикалық заттармен ластанған жерлерді 
жақсы кетіреді).
Шыныларды аталмыш ерітіндіде 1-2 сағат ҧстап, сумен жуып, 5%-
дық натрий гидрокарбонатының ерітіндісінде 30 минут қайнатады. Одан 
кейін дистилденген сумен шайған соң кептіргіш шкафта немесе бӛлме 
температурасында кептіреді. Ӛңделген зат шыныларын тығыз тығыны 
бар банкаларға қҧрғақ тҥрінде немесе Никифор ерітіндісінде сақтайды. 
Шыныларды пинцетпен алған жӛн, ӛйткені қолдың майлы дақтары 
шыныны жарамсыз кҥйге келтіреді.
Жағындыны дайындау. 
Жағындылар (препараттар) зат шынысының 
бетінде микробиологиялық ілмек немесе Пастер тҥтікшесі кӛмегімен 
дайындалады. Материал ретінде тығыз және сҧйық қоректік орталарда 
ӛсірілген микроорганизмдер шайындысы, сҥт, ірің, қан және т.б. ҥлгілер 
қолданылады.
Спирт шамында бактериологиялық ілмекті қыздырды. Сосын тығыз 
қоректік орталарда ӛсірілген микроорганизмдердің ӛсінділері бар шыны 
тҥтіктің тығынын жалынның ҥстінде қолдың шынашағымен абайлап 
ашып, ілмекті шыны тҥтіктегі конденсатқа немесе қоректік ортаның 
себілмеген жеріне тигізу арқылы суытады да, онымен микробтар 
массасын іліп алып, шыны тҥтікті жауып, штативке қояды. 
Микробиологиялық ілмектегі микробтар массасын физиологиялық 
ерітінді тамызылған зат шынысының бетін жҧқалап жағады. Тығыз 
қоректік орталарда ӛсірілген микроорганизмдерден жағынды дайындар 
алдында зат шынысының бетіне бір тамшы физиологиялық ерітінді 
немесе су тамызады. Жағындыларды дайындау схемасы 4-суретте 
кӛрсетілген. 


13 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет