Микробиология


-сурет. «Биолам Р-1» биологиялық



Pdf көрінісі
бет6/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

1-сурет. «Биолам Р-1» биологиялық 
микроскоп (Н.Р. Асонов, 1988)
Механикалық бөлімге
штатив, зат ҥстелі, тубус, айналмалы диск 
(револьвер), макрометрлік және микрометрлік бҧрағыштар жатады. Зат 
столының ортасында жарық беретін саңылауы болады. Зат ҥстелінің 
бҥйіріндегі бҧрандалар оның оңға-солға жылжуын қамтамасыз етеді, ал 
клемалар зат шынысын (препаратты) бекітуге арналған. Тубус штатив 
бағанасының жоғарғы бӛлімінде орналасқан. Микрометрлік бҧрағыш 
микроскопия кезінде ӛте қысқа қашықтыққа қозғайтын қозғалысты 
қамтамасыз етеді. Микрометрлік бҧрағыштың толық бір айналымы 
тубусты 0,1мм-ге жылжытады. 
Микроскоптың 
оптикалық бөліміне
жарық беретін аппарат
объективтер және окуляр кіреді. Жарық беру аппараты зат столының 
астында орналасқан. Ол жарық сәулелерін бағыттайтын жазық және 
ойыс беті бар айнадан, диафрагмалы конденсордан тҧрады. 
Кҥндізгі жарықта айнаның жазық беті, ал жасанды жарықта оның 
ойыс беті қолданылады. Конденсордың жоғарғы жағында жазықты-
дӛңес, тӛменгі жағында екі жағы да дӛңес линзасы болады. Осы 
линзалардың кӛмегімен конденсор айнадан шағылысқан жарық
сәулелерін зерттеуге алынған заттың деңгейінде фокусқа жанайды. 
Жарықтың кҥшін азайту ҥшін конденсорды тӛмен тҥсіреді, ал жарықты 
кӛбейту ҥшін кӛтереді. Кӛз шалымының жарықталғандығын реттеу ҥшін 
конденсордың тӛменгі бӛлімінде бекітілген диафрагманы да қолданады. 
Ол бір-бірін жауып тҧратын жартылай шеңберленген металл 
пластиналардан тҧрады. Бҧл пластиналар арнаулы рычагтың кӛмегі 



арқылы жарықтың ӛтуін кӛбейтеді немесе азайтады. Жҧмыста кӛбінесе 
Аббе конденсоры қолданылады. Қажетті жағдайларда (мысалы 
лептосптоспираларды зерттегенде) оны «қараңғы ӛріс» конденсорымен 
ауыстырады. Бҧл конденсор тек қана қия тҥскен жасанды жарықтың 
сәулелерін ӛткізеді, бірақ олар объективке тҥспейді (кӛз шалымы 
қараңғы). Конденсор арқылы ӛткен қия сәулелер қатты бӛлшектермен 
кездескен соң, ауытқып, барлық бағыттарда әр тҥрлі бҧрыштарымен 
ӛрістейді. Объективке тҥскен бҧл қия сәулелер қараңғы аяда 
жарқырауды қамтамасыз етеді. Жарқыраудың айқындылығы жарық 
кӛзінің кҥшіне (ОИ-7, ОИ-19), жарық шамдары жарықты бағыттаудың 
дәлдігіне байланысты. Бірнеше линзалардан тҧратын объектив, 
тубустың тӛменгі бӛліміндегі револьвердің саңылауына бҧралады. 
Олардың ең бастысы – препаратқа бағытталған маңдай алды линзасы. 
Ол зерттеуге алынған объектілердің керекті мӛлшерде ҧлғаюын 
қамтамасыз етеді. Маңдайалды линза микроскоп арқылы мӛлшері 0,2 
мкм тең ҧсақ заттарды кӛруге мҥмкіндік туғызады. Маңдай алды 
линзалардан басқа металл қынабында бірнеше тҥзету (коррекция) 
линзалары бар. Олардың саны ҥшеуден он екіге дейін болады. Маңдай 
алды линзаның ҥлкейту дәрежесі неғҧрлым кӛп болса, соғҧрлым тҥзету 
линзалары да кӛп болуы керек. 
Объективтер
қҧрғақ және иммерсионды болып екіге бӛлінеді. 
Қҧрғақ объективтерді қолданғанда объективтің маңдай алды линзасы 
мен препараттың ортасында ауа қабаты болады. Препараттың шынысы 
арқылы ӛткен жарық сәулелері ауа қабатында сынып, ауытқып, 
толығымен объективке тҥспейді. Егер объективтің линзасының диаметрі 
біршама ҥлкен болса, онда жарықтылық жеткілікті болады. Мҧндай 
линзалар фокус аралығының ҥлкендігінен, шашырағыштығының 
аздығынан затты 10, 20, 40 есе ғана ҧлғайтады. Иммерсионды 
объективтердің маңдай алды линзалары затты 80, 90, 100 және 120 есе 
ҧлғайтады, демек олардың фокус аралығы қысқа, ал диаметрі ҥлкен 
емес. 
Бҧларды қҧрғақ объектив ретінде қолданса, кӛз шалымының 
жарықтылығы шамалы болады. Сондықтан керекті жарықтылықты 
тудыру ҥшін зерттеуге алынған препараттың ҥстіне жарық сәулесін 
сындыру коэффициентін препарат шынысының жарық сындыру 
коэффициентіне жақын сҧйықтықты қондырады. Осы сҧйықтықтың 
тамшысына иммерсионды объективті батырғанда біркелкі оптикалық 
орта қҧралады. Бҧл жҥйеде жарық сәулелері әлсіремей кӛз шалымын 
жақсы жарықтандырады. Иммерсионды сҧйық ретінде бал қарағайдың 
майы, кейде вазелин майы қолданылады.
Окуляр
тубустың жоғарғы жағында орналасқан. Ол цилиндр 
формалы метал қынабындағы жоғарғы кӛз линзасы мен тӛменгі 
жинағыш линзасынан тҧрады. Окуляр тек қана объективтен алынған 
кескінді ҧлғайтады. Окулярдың жоғарғы рамкасында кӛбейту таңбасы 
бар сан белгілері болады. Бҧл – окулярдың ҧлғайту дәрежесінің 


10 
кӛрсеткіші. Микроскоптың жалпы ҧлғайтуын объективтің ҧлғайту 
дәрежесінің кӛрсеткішін окулярдың ҧлғайту дәрежесіне кӛбейту арқылы 
табады (мысалы, объектив 120 есе ҧлғайтады, ал окуляр х9). 
Объективтің жалпы ҧлғайтуы 120х9 =1080.
Микроскоппен жұмыс істеу ережелері.
 
Микроскоппен жҧмыс істер 
алдында кондесордың жағдайы тексеріледі. Ол зат ҥстелінің деңгейіне 
дейін кӛтеріліп, диафрагма ашық болуы керек. Тубусты сәл кӛтеріп, ең 
аз ҧлғайтатын (8,10 есе) объективті іске қосады. Окулярға қарай айнаны 
айналдырып, кӛз шалымына жақсы жарықтылықты орнатады. Зерттеуге 
арналған препаратқа бал қарағай майының бір тамшысын тамызып, оны 
зат ҥстелінің ҥстіне қояды. Револьверді бҧрай отыра, иммерсионды 
объективті жҧмысқа дайындап, микроскопқа қарай отыра объективтің 
маңдай алды линзасын макровинттің кӛмегімен абайлап иммерсионды 
майдың тамшысына батырады. Сонан соң окулярға қарап, тубусты 
препараттың кӛрінгеніне дейін кӛтереді. Микроскоптан кӛрінген 
кескіннің анықтылығын микровинтті шамалы бҧрау арқылы (алға-артқа) 
реттейді. Жҧмыс соңында тубусты микровинттің кӛмегімен кӛтереді. 
Револьверді бейтарап қалпына ауыстырып, линзадағы майды жҧмсақ 
мақтадан тоқылған матамен сҥртеді. Микроскопты ағаштан істелген 
қаптамаға салады немесе тҥсті шынылы қалпақтың астына қояды. 
Қараңғы ӛріспен жҧмыс істегенде, кондесордың жоғарғы линзасына 
тазартылған судың немесе иммерсионды майдың бір тамшысын 
тамызғаннан соң препаратты бекітіп, объективті іске қосып, 
конденсорды объективтің осьіне дәл келтіреді. Осыдан кейін кӛз 
шалымындағы кескіннің анықтылығын винттер жҥйесі арқылы реттейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет