57
араластырылады. Ҥлгілердің қоспасынан 1 г топырақ алынып, 99 мл
стерильді сумен араластырылады. Осы ерітіндінің 1 мл-і 9 мл стерильді
суы бар шыны тҥтікке қҧйылады.
Ерітінділерді дайындау схемасы:
1
1г топырақ +99 мл стерильді су – 10
-2
2
1мл 10
-2
ерітінді + 9 мл стерильді су – 10
-3
3
1мл 10
-3
ерітінді + 9 мл стерильді су – 10
-4
4
1мл 10
-4
ерітінді + 9 мл стерильді су – 10
-5
Кейінгі ерітінділердің 1 мл-ін стерильді Петри шыныларына қҧйып,
45ºС температураға дейінгі суытылған ЕПА мен араластырады да, тегіс
жазықтықтың бетінде қалдырады. Қоректік
орталар тығыздалғаннан
кейін термостатқа қойылады. 3-4 тәуліктен соң ӛсіп шыққан микробтар
колонияларының саны анықталады. Алынған топырақ санын сҧйылту
дәрежесіне кӛбейту арқылы 1 г топырақ ҥлгісіндегі микробтар саны
анықталады.
Топырақтағы
термофильді
бактерияларының
титрін,
перфрингенс-титр мен коли-титрді анықтау.
Әр тҥрлі сҧйылтымда
дайындалған топырақ суспензиясын Кесслер ортасы (1% пептон, 5% ӛт
сҧйықтығы, 0,25 % лактоза, грамм теріс бактериялардың ӛсуін тежеуге
арналған генцианвиолет) бар шыны тҥтіктерге 1 мл-ден себінді жасайды
да, 48 сағат бойы 43°С температураға
реттелген термостатта
инкубациялайды. Сонан соң талдау жҥйесін судың коли-титрін анықтау
реттілігіне сәйкес жҥргізеді.
Перфрингенс титрді анықтау ҥшін әр тҥрлі сҧйылтымдағы топырақ
суспензиясын (1 мл-ден) майсыздандырылған стерильді сҥт және темір
сульфиді бар Вильсон-Блер (3%
қоректік агар, 1% глюкоза, 2% натрий
сульфиді, 0,08% темір хлориді) ортасы қҧйылған шыны тҥтіктерге
себінді жасайды. Себіндіні 24-48 сағат бойы термостатта (43°С)
инкубациялағаннан кейін нәтижесін сҥттің ҧюына немесе Вильсон-Блер
ортасының
агарлы бағанасында
Clostridium perfringens
-тің қара тҥсті
колонияларының қалыптасуына байланысты бағалайды.
Содан кейін
тҥзілген колониядан жағынды жасап, Грамм тәсілімен бояйды да,
микроскоптың кӛмегімен перфрингенс-титрін анықтайды.
Термофильді бактериялардың титрін анықтау ҥшін топырақ
сузпензиясының 1 мл-ін
Петри табақшаларына енгізіп, ҥстінен
балқытылған қоректік агарды қҧяды. Себіндіні тәулік бойы 60°С-де
ҧстаған соң ӛскен колониялардың санын анықтап, 1 г топыраққа сәйкес
келетін мӛлшерін есептеп шығарады.
Топырақтың санитарлық-микробиологиялық бағасын нәжіспен
залалдану деңгейінің кӛрсеткішін анықтауға
бағытталған кешенді
шаралар арқылы жҥргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: