61
ІІ Бӛлім. Жалпы вирусология
ВИРУСЫ БАР МАТЕРИАЛДАРМЕН ЖҦМЫС ІСТЕУ ЕРЕЖЕСІ
МЕН ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ
Вирусологиялық зертхана.
Вирустық инфекциялардың аса
қауіптілігіне және вирусологиялық зерттеу жҧмыстарына арнайы
техникалардың қажеттілігіне байланысты
дербес вирусологиялық
зертханалардың ҧйымдастырылуы қажет.
Вирусологиялық зертханаларда ӛндірістік және ғылыми-зерттеу
жҧмыстарын орындау ҥшін келесі принциптерді міндетті тҥрде сақтау
қажет:
1 Зертхана мен экспериментальды жануарларды ҧстауға
арналған
бӛлмелер міндетті тҥрде бӛлек болуы;
2 Зертханаға, ӛндірістік бӛлмелер мен виварийге келетін және
олардан шығатын ауалардың стерильденуі;
3 Зерттеу жҧмыстарынан
қалған жануарлардың, зертхананың және
ӛндірістік ғимараттан шыққан қалдықтар рациональды жҥйеде
жойылуы;
4 Зертхана мен ӛндіріс қызметкерлеріне арналған санитарлық
ӛткізгіш қондырғылары мен киім ауыстыру орындары болуы:
5 Вирусологиялық зертханада сумен қамтамасыз ету жҥйесінің,
залалсыздандырылмаған қалдықтардың ағын сулар мен су қҧбырларына
тҥсуінен қорғайтын қондырғылардың болуы;
6 Белсенді агенттермен тікелей жҧмыс
істейтін зертхана
қызметкерлерін залалданудан сақтайтын (тыныс жолдары мен ашық
кілегейлі қабықшаларын) заттардың болуы керек.
Ірі вирусологиялық зертханалар бірнеше бӛлімнен тҧрады:
1 Вирустармен тікелей жҧмыс істейтін бӛлім;
2 Жасуша ӛсінділерін дайындау бӛлімі;
3
In vitro
және
in vivo
жағдайларында серологиялық зерттеулерді
жҥргізу бӛлімі;
4 Вирустарды физикалық әдістермен зерттеу бӛлімі. Бҧл бӛлімде
ультрацентрифуга, электронды микроскоп болуы қажет.
5 Жуу-автоклав блогы.
6 Сау және жҧқтырылған жануарларға арналған виварийлер.
7 Қосалқы бӛлім (душ, жануарларды жарып сою, стерильдеу, ауаны
желдету және т.б.).
Вирустармен тікелей жҧмыс істейтін немесе жасушалар ӛсінділері
бӛлімдері екі бӛлмеден тҧруы қажет:
Бірінші бӛлме – боксқа
кіреберіс;
Екіншісі – бокс бӛлмесі.
Боксқа кіреберіс бӛлмесінде жҧмысқа қажетті саймандар: резеңке
қолғаптар, халаттар, жеңғаптар және т.б. болады.
Боксқа кіреберіс пен
бокс бӛлмелері бактериоцидті лампалармен жабдықталуы тиіс. Бҧл
62
бӛлмелерде
дезинфекциялағыш
заттардың
(хлорамин,
натрий
гидрототығы ерітінділері, т.б.) кӛмегімен кҥнделікті ылғалды уборка
жасалып тҧрады және бір мезгілде бӛлмелердің
ауасы да формалин
немесе бетапропилактон буымен залалсыздандырылады.
Вирустар және жасуша ӛсінділерімен жҧмыс істеу бокс бӛлмесінде
жҥргізіледі. Бокстағы ҥстелдің беті дезинфекциялағыш ерітінділермен
ылғалдандырылған дәкемен жабылады.
Жҧмысты
жҥргізгеннен
кейін
барлық
қалдықтар
мен
материалдарды
стерильді
ыдысқа
салып,
темір
жәшікте
залалсыздандырады.
Сосын
барлық
материалдарды
қайтара
дезинфекциялау ҥшін стерильдеу бӛліміне жӛнелтеді.
Достарыңызбен бөлісу: