78
температурасына дейін қыздырғанда ҧрықтың ары қарай дамуы
байқалады (26-сурет).
5 кҥн мен 12 кҥн аралығында
инкубацияланған
тауық
эмбрионын вирустарды жҧқтыру
жҧмыстарында
пайдалануға
болады. Эмбрион дамып жатқан
жҧмыртқаның
сырты
ҧсақ
саңылаулары
бар
қауызбен
қапталған,
қауыздың
ішкі
жағында
жанаса
қабықша
(қауызының
астыңғы
қабықшасы)
орналасқан.
Жҧмыртқаның доғал жағында
ауа камерасы болады. Ҧрық (зародыш) денесі қауызға жақын, ал
ҧрықтың басы ауа камерасына қарай бағыттала орналасқан. Ҧрық
сҧйықтыққа толы амнион қуысының ортасында орналасады, оның
кіндігі сарыуызға жалғасып жатады. Қауыздың астыңғы қабықшасының
ішкі жағында амнион мен сарыуыз қапшығын қоршап тҧратын
аллантальды қуыс бар. Ҧрықтың дамуы кезінде аллантоис қабықшасы
хорионмен қосылып, хорион-аллантоис қабықшасын (ХАҚ) қҧрайды.
Тауық эмбриондарында ӛсірілген вирустардың кӛпшілігі аллантоис
және амнион сҧйықтықтарында жиналып, дайын вирустық суспензияны
қҧрайды. Инкубацияның бастапқы кезінде сарыуыз қапшығында
ҧрықтың дамуына қажетті қоректік заттар кӛп жиналып, эмбриогенездің
12 кҥндерінде ондағы қоректік заттар азаяды. Сондықтан вирусы бар
материалдармен сарыуыз қапшығын жҧқтыру инкубацияның 5-7
кҥндерінде жҥргізіледі.
Амнион қуысы
ҧрықтардың дамуына қажетті буферлік орта болып
есептеледі. Инкубация кезеңінің ортасына қарай бҧл жерге 1 мл-ге дейін
сҧйықтық жиналады. Амнион қуысына жҧқтыру ҥшін 6-10 кҥндік
эмбриондар пайдаланылады.
Аллантоис қуысында
зәр қышқылды тҧздар, фосфорлы және азотты
қосылыстар жиналады. Ҧрықтардың дамуы, ӛсуі кездерінде аллантоис
сҧйықтығында қышқылды реакция жҥреді. Аллантоис қуысы кӛлемінің
максимальды ҧлғаюы эмбриондар дамуының 9-12-кҥндері байқалады.
Осыған байланысты аллантоис қуысына жҧқтыру ҥшін 9-11 кҥндік
эмбриондарды алады.
Хорион-аллантоис
қабықшасындағы қан тамырлары қауыздың ішкі
жағына бойлай орналасып, ҧрықты оттегімен қамтамасыз етіп отырады,
яғни эмбриондардың тыныс мҥшесі қызметін атқарады. ХАҚ-ның
максимальды жетілуі 11-13 кҥндері байқалатындықтан, жҧқтыруға 10-12
кҥндік тауық эмбриондарын қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: