Микробиология



Pdf көрінісі
бет71/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Цитопатогендік әсері
. Жасуша ӛсінділеріндегі вирустардың кӛбеюі 
цитопатогендік әсері арқылы анықталады. Вирустардың кӛбеюі әсерінен 
жасуша ӛсінділерінде пайда болған ӛзгерістерді ЦПӘ деп айтады. 
Жасушалардағы физиологиялық ӛзгерістерді анықтау едәуір кҥрделі 
болып келеді, ал ондағы морфологиялық ӛзгерістерді айқындау жеңіл. 
Шыны тҥтіктегі немесе матрастардағы вируспен зақымдалған жасуша 
ӛсінділеріндегі морфологиялық ӛзгерістерді сау жасуша ӛсінділерімен 
салыстыра отыра, микроскоптың кішкене ҧлғайтымдағы оптикалық 
жҥйесімен анықтайды. ЦПӘ деңгейі вирустың биологиялық қасиетіне, 
жасушаның тҥріне, жҧқтыру дозасына, жасушаларды ӛсіру жағдайына 
және т.б. байланысты болады. Кейбір вирустардың ЦПӘ 2-3 тәуліктен 
кейін айқындалса (энтеровирустарда), басқаларынікі 1-2 аптадан кейін 
пайда болады (аденовирустарда). Вирустардың жасушаларға ЦПӘ 
негізінен ҥш тҥрге ажыратылады: жасушалардың фрагментациясы
жасушалардың дӛңгелектенуі; симпласт тҥзуі. 
Фрагментация – жасушалардың жеке фрагменттерге бӛлінуі, бҧл 
жағдайда жасушалар шыны беткейінен ажыратылады да, жасуша 
детриті тҥрінде ӛсінді сҧйықтығына ауысады (везикулярлы стоматит 
вирусы). 
Дӛңгелектену – шыны беткейіне бекітілу қасиетін жоғалтқан 
жасушалар дӛңгелектеніп, жасуша сҧйықтығында қалқып жҥреді, кейде 
ӛліп қалады (энтеровирустар, аденовирустар, т.б.). 
Симпласт тҥзуі – жасуша қабықшасының еруінен кӛрші 
жасушалардың цитоплазмаларымен бірігіп кетеді де, кӛп ядролы алып 
жасушаларға айналады. Мҧндай ӛзгерістер вирустардың әсерінен 
жасушалардың бӛліну процесінің бҧзылуынан немесе кейбір 
вирустардың қҧрамында болатын лецитиназа ферментінің әсерінен 
жасуша қабықшасы еріп, кӛршілес жасушалар цитоплазмаларының 
бірігіп кетуінен болады. Жасуша ӛсінділеріндегі ЦПӘ-ді анықтау 
тәжірибеде кеңінен қолданылады. Бірақ кейбір вирустар жасуша 
ӛсінділерінде кӛбейгенімен ЦПӘ-ді қалыптастырмайды (қҧтырық, 
шошқаның классикалық обасы, ірі қара диареясы вирустарының кейбір 
штамдары, т.б.). Бҧл жағдайда жасушалар ӛлмейді, бірақ жасушалардың 
бӛліну қарқындылығы тӛмендеп, кейіннен олардың морфологиясы 
ӛзгеріске ҧшырайды.
Гемадсорбция реакциясы
(ГАдР). Гемадсорбция – эритроциттердің 
вирустармен зақымдалған жасушалар беткейіне бекітілуі. Бҧл 
қҧбылыстың байқалуы зақымдалған жасуша беткейіндегі вирустардың 
рецепторлары мен эритроцит рецепторларының бір-біріне туыстық 
қасиеттерінің болуына негізделген. Мҧндай қасиеті бар вирустарға 
парагрипп, шешек, Ньюкасл, сҥт қоректілер мен қҧстардың тҧмау 
вирустары жатады. ГАдР жануарлардың парагрипп вирусын анықтауда 
және идентификациялауда кеңінен қолданылады. Бҧл реакцияның 


90 
артықшылығының бірі, ол зақымданған жасушаларда нақты ӛзгерістер 
байқалғанға дейін оң нәтиже алуға болады. ГАдР-ын қою ҥшін зерттеуге 
алынған вирустардың гемагглютинациялаушы әсеріне сезімтал келетін 
эритроциттер (теңіз шошқасы, маймыл, адам, т.б.) қолданылады.
ГАдР қою техникасы. 3-4 тәуліктік жасуша ӛсінділері бар екі шыны 
тҥтікті 
алады 
(біреуі 
вирус 
жҧқтырылған, 
екіншісі 
вирус 
жҧқтырылмаған). олардың ӛсінді сҧйықтығын тӛгіп, әрқайсысына 2-3 
тамшы эритроциттердің 0,5%-ды суспензиясын қосады да, эритроциттер 
жасушалардың беткейіне біркелкі жайылу ҥшін 5-10 минутқа 
қалдырады. Содан кейін физиологиялық ерітіндімен шайып, микроскоп 
кӛмегімен зерттейді. Бақылаудағы сынамада эритроциттер шайылып 
кетеді, ал кейбіреулері сҧйықтықта қалқып жҥреді. Вирус жҧқтырылған 
шыны тҥтіктегі эритроциттер шайылмай, қалқымай, жасуша беткейіне 
бекітіледі де, реакция нәтижесі оң болып есептеледі. Тәжірибеде ГАдР 
жасуша 
ӛсінділеріндегі 
вирустарды 
анықтауда, 
бейтараптау 
реакциясында қолданылатын қан сарысуларын вирустарды титрлеуде 
пайдаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет