80
катаральды қызбасын және т.б. ӛсіру ҥшін
қолданады. Жҧқтырудың бҧл тҥрінде вирустық
материалды табиғи ауа камерасы мен жасанды ауа
камералары арқылы енгізеді.
Табиғи ауа камерасы арқылы жҧқтыру (28-
сурет) ҥшін штативке эмбрионның доғал жағын
жоғары қаратып (ауа камерасы жоғарғы бетінде
болуы
керек)
бекітеді.
Ауа
камерасының
ортасынан диаметрі 15-20 мм кӛлемінде қауызды
ойып, пинцеттің кӛмегімен қауыздың астыңғы
қабықшасын ашады. ХАҚ-ның жалаңаштанған
жеріне 0,2 мл вирус суспензиясын енгізіп, тесікті
лейкопластырьмен немесе жапқыш шыныны
балқытылған парафинмен бекіту арқылы жабады.
Жасанды ауа камерасы арқылы жҧқтыру (29-сурет) біріншісіне
қарағанда жиі қолданылады. Бҧл әдісте эмбрионды штативке
горизонтальды жағдайда, ҧрықтың арқасын жоғары қаратып бекіткеннен
кейін, қауызды екі жерден теседі.
Біріншісінде ауа камерасының ортасынан кішкене ғана, ал
екіншісінде қауыздың ҧрық жатқан жағынан диаметрі 2-5 мм болатын
тесік жасап, ХАҚ-ын жарақаттамай қауыздың астыңғы қабықшасын ауа
кіретіндей етіп ажыратады. Сонан соң бірінші тесіктен табиғи ауа
камерасындағы ауаны резеңке грушамен сорып алғанда, пайда болған
жасанды ауа камерасы арқылы ХАҚ бетіне жҧқтыратын материалды
енгізіп, тесікті лейкопластырьмен бекітеді. Табиғи ауа камерасы
жағындағы тесікті бекітпесе де болады. Себебі ондағы қауызының
астыңғы
қабықшасы
бҧзылмағандықтан,
қоршаған
орта
Достарыңызбен бөлісу: