Микробиология


Тышқаннанның кӛк бауыр жасушаларын (спленоциттерді)



Pdf көрінісі
бет79/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Тышқаннанның кӛк бауыр жасушаларын (спленоциттерді) 
бӛліп 
алу. 
Тышқанды 
эфирмен 
немесе 
хлороформмен 
жансыздандырғаннан кейін, ҧшаны препаровальды ҥстелге оң жақ 
бҥйірімен жатқызып, бекітеді. Сол жақ бҥйірін спиртпен ӛңдейді. 
Жануардың мықын аумағының тҧсынан бастап қайшымен дене 
ортасының сол жағынан 2-2,5 см ҧзындықта кӛлденең тілік жасайды. 
Сонан соң пинцетпен тілікті ашқаннан кейін жҧқа бҧлшық ет қабатынан 
кҥңгірт-қызыл тҥсті кӛк бауырды кӛруге болады. 
Кӛк бауыр орналасқан аумақтың бҧлшық етін тіліп, пинцетпен кӛк 
бауырды абайлап дәнекер ҧлпасынан ажыратып алады да мҧз, салынған 
Петри шынысына орналастырады. Кӛк бауырды дәнекер ҧлпасының 
қалдықтарынан тазалап, салқын ортада гомогенизациялайды. Пайда 
болған қоймалжыңды 4 қабатты капронды фильтрдің кӛмегімен сҥзіп, 
спленоциттерді Горяев камерасында санайды. Бір тышқанның кӛк 
бауырында 120-130 млн-ға жуық В- және Т-лимфоциттер болады. 
Тышқандардың лимфа тҥйіндерінен жасушаларды бӛліп алу. 
Тышқанды эфирмен жансыздандырғаннан кейін, ҧшаны арнайы 
препаровальды ҥстелге арқасымен бекітіп, қҧрсақ аумағын спиртпен 
ӛңдейді. Қҧрсақтың ақ жол сызығының бойымен кесінді жасап, теріні 
жан жағына керіп, арнайы инелермен бекітеді де, бҥкіл денені теріден 
жалаңаштайды.
Сілекей безі орналасқан аумақтан жақ асты лимфа тҥйіндерін тауып 
алу қажет. Лимфа тҥйіндері бҧршақ пішінді, кӛлемі 2-3 мм және ақшыл-
жылтыр тҥсті болып келеді. Лимфа тҥйіндерін пинцет және қайшының 
кӛмегімен ҧлпалардан ажыратып алып, салқын стерильді ортасы бар 
Петри шынысына салады. 
Иық буыны астында терінің ішкі жағында қолтық асты лимфа тҥйіні 
орналасқан. Пинцеттің кӛмегімен лимфа тҥйінін ажыратып алып, Петри 
шынысына орналастырады. 


99 
Сонымен қатар артқы аяқтың терісінің ішкі беткейінде орналасқан 
оң жақ және сол жақ шап лимфа тҥйіндерін пинцетпен босатып алып, 
оларды да Петри шынысына салады. Артқы аяқтың тізе буынында тізе 
асты лимфа тҥйіндерін пинцетпен сыдырып, Петри шынысына 
орналастырады. 
Шажырқай лимфа тҥйіндері ішекті бойлай орналасқан. Сондықтан 
қҧрсақ қуысын жарып, шажырқайдың лимфа тҥйіндерін пинцетпен 
ішектерден ажыратып, Петри шынысына салады. 
Лимфа тҥйіндерді дәнекер ҧлпалардан тазартып салқын ортада 
гомогенизациялайды. Сонан соң 4 қабатты капронды фильтрдің 
кӛмегімен сҥзіп, Горяев камерасында санайды. Бір тышқаннан Т- және 
В-лимфоциттерді қҧрайтын 50 млн-ға жуық лимфа тҥйіндерінің 
жасушаларын алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет