Микробиология



Pdf көрінісі
бет103/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Бақылау сұрақтары: 
1 Бейтараптау реакциясының принципі.
2 Бейтараптау реакциясының тҥрлері және оның вирусология 
тәжірибеде қолданылуы. 3 Бейтараптау реакциясының қҧндылығы мен 
кемшілігі.
 


128 
ІV Бӛлім. Жеке микробиология 
 
ПАТОГЕНДІ КОККАЛАР. СТАФИЛОКОККАЛАР МЕН 
СТРЕПТОКОККАЛАР ҚОЗДЫРАТЫН АУРУЛАР
 
СТАФИЛОКОККАЛАР
– 
Staphylococcus
туысына жататын шар 
формалы микроорганизм. Табиғатта кездесетін тҥрлерінің ішіндегі ең 
зардаптысы 
Staphylococcus aureus. 
Олар – сиырлардың желінсауының, 
эндометритінің, тӛлдердің пневмониясының, септицемиясы мен 
энтеритінің, сонымен қатар іріңді абсцесс, флегмона, фурункул (шиқан) 
және артриттердің дамуына себепші болатын микроорганизм.
Патологиялық материал 
ретінде ашық жарақаттардың іріңді 
немесе флегмонаның экссудатын жіңішке таяқшаның бір ҧшына 
байланған стерильді мақта тампонға сіңдіріп алғаннан кейін стерильді 
шыны тҥтіктерге салып, тығынын жауып, орап зертханаға жібереді. 
Сҧйық экссудаттарды стерильді тҥтікшемен немесе шприцпен алып, таза 
шыны тҥтіктерге қҧяды. Жабық абсцесстердің бетін дезинфекциялап, 
стерильді шприцтің ӛткір инесімен тесіп, сорып алған соң тығыны бар 
стерильді шыны тҥтіктерге қҧяды. Сиырлардың желінсауы кезінде ҥлгі 
ретінде сҥт алынады. Алынған ҥлгілерді зертханаға жіберу ҥшін ағаштан 
немесе темірден жасалған қораптарға салады.
Зертханаға келіп тҥскен материалдар келесі әдістермен зерттеледі. 
Микроскопиясы. 
Патологиялық 
материалдардан 
қоректік 
орталарға себінді жасағаннан кейін жағынды дайындалады. Ол ҥшін зат 
шынысының 
бетіндегі 
физиологиялық 
ерітіндінің 
тамшысына 
бактериологиялық ілмек кӛмегімен іріңнің бір тамшысын қосып, 
қоспаны зат шынысының бетіне біркелкі таратады. Жағындыны ауада 
немесе жалында кептірген соң Грам тәсілімен бояп, микроскоппен 
зерттейді.
Стафилококкалар шар формалы 
микроорганизмдер. Диаметрі 0,7-1,0 
мкм шамасында болады. Олар жҥзім 
шоғырына ҧқсас келеді, жылжымайды, 
спора мен капсула тҥзбейді. Грам-оң 
бактерия (52-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет