Микробиология


Ферментативтік (биохимиялық) қасиеттері



Pdf көрінісі
бет111/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

 
Ферментативтік (биохимиялық) қасиеттері. 
Эндо ортасында 
ішек таяқшалары орта қҧрамындағы лактозаны ашытып, сҥт қышқылын 
тҥзетіндіктен, қызыл-кҥрең тҥсті колонияларды тҥзеді. Индикаторы бар 
глюкозалы және лактозалы орталарды ашытып, шыны тҥтіктердегі 
ортаның тҥсін қызғылт немесе қызыл тҥске ӛзгертеді. Ішек 
таяқшасының кӛптеген штамдары маннит пен дульцитті ыдыратады, 
индол тҥзеді, кҥкіртсутекті тҥзбейді. Метилен қызылымен оң нәтиже 
(орта қызғылт тҥске боялады), ал Фогес-Проскауэр реакциясында теріс 
нәтиже (орта сары тҥске боялады) кӛрсетеді. Соңғы екі сынауда Кларк 
ортасында (дистильденген судағы пептон, глюкоза, 2 фосфор қышқылды 
калийдің ерітіндісі) ӛсірілген екі тәуліктік ӛсінділерді қолданады. Ол 
ҥшін Кларк ортасындағы ӛсіндіге 5 тамшы метиленді қызылды тамызып, 
шыны тҥтікті шайқайды. Осы кезде глюкоза ыдыраса, қызғылт тҥске, 
ыдырамаса, сары тҥске боялады. Фогес-Проскауэр сынауын қою ҥшін 
 
56-сурет. 
E. сoli 
микроскопиясы 
 


135 
Кларк ортасына 0,2 мл 40%-ды КОН және альфа-нафтолдың 6%-ды 
спирттегі ерітіндісінің 0,5 мл-ін қосып, 3-5 минуттан кейін нәтижесі 
оқылады. Мҧнда оң нәтижеде орта қызыл тҥске боялады. Ішек 
таяқшалары цитратты аммоний тҧздарын пайдалана алмайтындықтан, 
индикатор қосылған Козердің сҧйық және Симмонстың тығыз 
орталарында ӛспейді. 
E. coli 
желатинды сҧйылтпайды, мочевинаны 
ыдыратпайды.
Антигендік қҧрылымы.
E. coli 
жасушасында ҥш тҥрлі антиген 
бар: О-соматикалық, К-қабықшалық және Н-жіпшелік. 
О-антиген
термостабильді, жасуша қабырғасында орналасқан, 
қҧрамы липидті-полисахаридті-протеинді кешеннен қҧралған. О-антиген 
100ºС температурада 2,5 сағат шыдайды. 
К-антиген
беткейлік, 
қабықшалық антиген. Ӛздерінің қасиеттеріне қарай олар B, L, A. деген 3 
типке бӛлінеді. 
В-антиген
термолабильді, 100ºС-та 1 сағатта 
белсенділігін жояды. 
L-антиген
термолабильді, 60ºС-та 1 сағатта 
белсенділігін жояды. L-антигені бар ішек таяқшасы тышқандар ҥшін 
улы, некрозға және эритроциттерді лизиске ҧшыратқыш қасиеттері бар. 
Мҧндай бактериялардың колониялары мӛлдір болмайды. А-антиген 
термостабильді, олар кілегейлі және капсула тҥзгіш штамдарында 
болып, 120ºС-та 2,5 сағатта талқандалады. Осындай антигендері бар тірі 
жасушалардың агглютинабельдік қасиеттері болмайды. 
Н-антиген
белокты болады. Олар термолабильді, бірнеше ондаған тҥрлері болады. 
Бӛлініп 
алынған 
эшерихиялардың 
серологиялық 
типін 
агглютинация реакциясында агглютинирлеуші О-коли сарысуларының 
кӛмегімен анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет