Бақылау сұрақтары: 1 Стафилококкалар мен стрептококкалардың
морфологиясы
мен
тинкториальдық
қасиеттері.
2
Патогенді
стафилококкалар-дың ӛсінділік және ферментативтік қасиеттері.
3 Стафилококкалардың патогенділігі мен олардың жеке факторларын
анықтау әдістері. 4 Желінсауға тексеруге сҥтті алу ережесі. 5 Желінсау
стрептококкаларының ӛсінділік және ферментативтік қасиеттері.
6 Сақаудың бактериологиялық диагностикасы,
Str. equi- ді басқа
стрептококтардан
ажырату.
7
Тӛлдердің
пневмококкты
септицемиясының жалпы сипаттамасы және олардың басқаларынан
айырмашылығы.
ENTEROBACTERIACEAE ТҦҚЫМДАСЫНЫҢ ӚКІЛДЕРІ. КОЛИБАКТЕРИОЗ ЖӘНЕ САЛЬМОНЕЛЛЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШТАРЫ Enterobacteriaceae тҧқымдасына жататын бактериялардың ӛкілдері
ортақ тинкториальды және ӛсінділік қасиеттерге иемденген, ал
биохимиялық қасиеттері ӛзгеше. Олардың ішіндегі адамдар мен
жануарларға зияндысы
Escherichia және
Salmonella тҧқымына кіретін
бактериялар.
КОЛИБАКТЕРИОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Escherichia coli . Бҧл ауру
қҧстар, терісі бағалы аңдар және жануарлардың тӛлдерінің жіті тҥрде
ӛтетін жҧқпалы ауруы. Әдетте бҧл ауру тӛлдердің ішінің ӛтуімен,
организмнің дегидратациясымен, депрессиясымен және әлсіздігімен
сипатталып, кейіннен ӛлуімен аяқталады. Колибактериоз септикалық,
энтеротоксемиялық және энтериттік формада ӛтеді. Аурудың соңғы екі
формасында сепсис байқалмайды. Бҧзаулар, торайлар, қозылар
туылғаннан кейін бірінші кҥнінен бастап ауруға сезімтал келеді. 3-6
айлық жастағы қозылар мен анасынан айырған торайларда кездесуі
ықтимал. Қҧстар ӛмірінің алғашқы 2-3 айында ғана колибактериозға
шалдығады. Ересек малдар ауырмайды, бірақ организмінде ішек
таяқшаларының патогенді штамдары болуы мҥмкін. Ішек таяқшасы
сиырлардың эндометриті мен желінсауын қоздырады.