136
пайда болады. Теріс нәтижеде тамшы еш ӛзгеріссіз қалады.
Поливалентті қан сарысуларының бір тобымен желімделген антигенді
1:10 қатынасында сҧйылтылған сол топтың моновалентті қан
сарысуларымен қайталап тексереді. Осында оң нәтиже кӛрсеткен
антигенді шыны тҥтіктердегі АР-да 1 мл кӛлемінде қояды. Моновалентті
қан сарысуын 1:25 сҧйылтымынан бастап этикеткада кӛрсетілген титрге
дейін сҧйылтады. Әуелі бірінші шыны тҥтікте қан сарысуының бастапқы
сҧйылтымы дайындалады: 2,4 мл физиологиялық ерітіндіге 0,1 мл
моновалентті қан сарысуы қосылады. Қалған шыны тҥтіктерге 0,5 мл-
ден физиологиялық ерітінділер қҧйылады. Бірінші шыны тҥтіктегі (1:25)
қан сарысуынан 0,5 мл алып, оны екінші шыны тҥтікке қҧйып,
араластырғаннан кейін, оның 0,5 мл-і ҥшінші тҥтікке ауыстырылады,
ҥшіншіден – тӛртіншіге солай т.б., соңғы шыны тҥтіктен 0,5 мл
сҧйықтықты, ал бірінші шыны тҥтіктен 1,5 мл-ді алып тастайды. Сосын
барлық шыны тҥтіктерге 0,5 мл-ден зерттеуге алынған антиген
қосылады. Қосымша бақылау қойылады: 1) антиген + физиологиялық
ерітінді (жалған агглютинация болмау ҥшін); 2) 1:25 қатынасындағы қан
сарысуы (флокуляцияның болмауы ҥшін). Барлық шыны тҥтіктерді
шайқап, 37ºС-қа реттелген термостатта 16-18 сағат ҧстайды, сонан соң
бӛлме температурасында 6-8 сағат қалдырады. Реакция нәтижесі
агглютиноскоп кӛмегімен тӛрт кресттік баға бойынша оқылады.
E. coli
-дің
Достарыңызбен бөлісу: