138
Ақ тышқандар ҥшін патогенді. Кейде бҧзау сальмонеллезін
Salmonella
typhimurium
қоздырады. Бҧл суда жҥзетін қҧстардың және адамның
сальмонеллезін де қоздырады. Антигендік қҧрылымы жағынан «В»
тобына жатады.
ТОРАЙ САЛЬМОНЕЛЛЕЗІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Salmonella
typhisuis
немесе
Salmonella cholerasuis
. Олар адамның тамақ арқылы
улануын да тудырады. О-антигенінің қҧрылымы жағынан «С» тобына
жатады.
БИЕ САЛЬМОНЕЛЛЕЗІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Salmonella
abortusequi.
Сальмонеллезге шалдыққан биелер іш тастайды. Жылқылар
агглютинация реакциясымен тексеріледі. АР-ның оң нәтижесі ретінде
қан сарысуының 1:400 және одан да жоғарғы титрлері алынады. О-
антигені бойынша «В» тобының сальмонеллаларына жатқызылады.
ҚОЙ САЛЬМОНЕЛЛЕЗІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Salmonella
abortusovis.
О-антигені бойынша сальмонеллалардың «В» тобына
жатады.
ҚҦС САЛЬМОНЕЛЛЕЗІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Salmonella
pullorum, Salmonella gallinarum.
Антигендік қасиеттері жағынан «Д
1
»
тобына кіреді. Сальмонеллез (пуллороз) жедел тҥрде, сепсисті формада
ӛтетін жҧқпалы ауру. Ауруға шалдыққан бір апталық балапандар мен
эмбриондардың кӛбі (100%-ға дейін) ӛледі. Лабораторияға бірнеше
балапандардың ӛлексесі жіберіледі. Ересек қҧстардың қан сарысуларын
қанды-тамшылы АР-мен тексеру ҥшін пуллороз антигенімен
сенсибилизацияланған эритроциттерді қолданады.
Сонымен әр тҥрге жататын жануарлардың сальмонеллезіне
бактериологиялық
диагноз қою
ҥшін патологиялық материалдардан
бӛлініп алынған қоздырғыштардың морфологиялық, тинкториальдық,
биохимиялық және антигендік қасиеттері жан-жақты зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: