39
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ ФЕРМЕНТАТИВТІК ҚАСИЕТТЕРІ
Студенттер алдыңғы сабақта себілген микроб ӛсінділерінен
жағынды жасап, оны Грам тәсілі бойынша бояйды және олардың
ӛсінділік қасиеттерімен танысады. Студенттер микроорганизмдер
ӛсінділерін кӛмірсулары
бар қоректік орталарға сеуіп, олардың қантты
ыдырату қасиеттерін анықтайды. Микробтардың протеолиттік қасиетін
зерттеу ҥшін ЕПЖ қолданылады. Индолды, кҥкіртті сутектің,
аммиактың бӛлінуін анықтау ҥшін ЕПС бар шыны тҥтіктің
ішіне
индикаторлық қағады тығынның кӛмегімен қыстырып қояды.
Микробтардың редукциялаушы қасиеттерін зерттеу ҥшін олардың
ӛсінділерін метилен кӛгі немесе лакмусы бар қоректік орталарға себеді.
Бактериялардың каталазаны тҥзу қасиетін анықтау ҥшін олардың
агарлық және сорпалық ӛсінділері қолданылады.
Микроорганизмдердің биохимиялық белсенділігі
әр тҥрлі болып
келіп, жасушалар тҥзетін ферменттердің қасиеттеріне және қоршаған
ортаның
жағдайларына
байланысты
болады.
Бактериялардың
биохимиялық қасиеттерін зерттеу жҧқпалы
аурудың қоздырғышын
анықтау ҥшін орындалатын тәсілдердің бірі болып табылады.
Микроорганизмдердің
ферментативтік
(биохимиялық)
қасиеттерін анықтау тәсілдері.
Бактериялардың
сахаролиттік
қасиеттерін
оларды әр тҥрлі кӛмірсулары мен индикаторы бар
дифференциалды диагностикалық орталарға себу арқылы анықтайды.
Осы мақсатта Гисса ортасы жиі қолданылады. Әр тҥрлі кӛмірсулары бар
орталардың жиынтығы (глюкоза, лактоза, мальтоза, сахароза, дульцит,
арабиноза, сорбит және т.б.), майсыздандырылған стерильді сҥт,
лакмусты сҥт, метилен кӛгі бар сҥт – «тҥрлі-тҥсті қатар» деп аталады.
Микроорганизмдердің ӛсінділерін бактериологиялық
ілмектің немесе
Пастер тҥтікшесінің кӛмегімен аталмыш қоректік орталарға себеді.
Қоректік орталарды белгілі бір уақыт аралығында термостатта
ҧстағаннан кейін ферментациялану (ӛзгеріске ҧшырау) деңгейін
анықтайды: қоректік орта тҥсінің ӛзгеруі (Андредэ индикаторы болғанда
қызыл тҥске ӛзгереді) кӛмірсулардың ыдырауы мен қоректік ортада
қышқыл ӛнімдерінің тҥзілуінің дәлелі болып табылады. Егер
кӛмірсудың ыдырауы
кезінде қышқыл ғана емес, сонымен қатар, газ
тәріздес заттар пайда болса, олар қалтқының ішіндегі сҧйықтықтың
белгілі бір бӛлігін ығыстырып шығарады да, оның жоғарғы бӛлігінде
жиналады. Микробтардың сахаролиттік қасиеттерін анықтау ҥшін
кӛбінесе кӛмірсулары мен ВР
индикаторы бар қоймалжың, сонымен
қатар кӛмірсулары мен индикаторлары бар тығыз қоректік орталар
қолданылады (Эндо, Левин, Плоскирев орталары және т.б.).
Микроорганизмдердің
протеолиттік қасиеттерін
анықтау ҥшін
зерттеуге алынған ӛсіндіні ЕПЖ, кәдімгі сҥтке, кейде жылқының ҧйыған
қан
сарысуына, тауық жҧмыртқасының коагуляцияланған белогына
себеді. Тік қатырылған ЕПЖ-не микробтарды бактериологиялық иненің
40
кӛмегімен қоректік ортаның тҥбіне бойлай шаншу арқылы сеуіп, оларды
термостатқа орналастырады, ал кейде (микробтың тҥріне байланысты)
бӛлме температурасында қалдырылады. Бактерия ферменттерінің
әсерінен желатин протеолизге ҧшыраған шыны тҥтіктердегі
қоректік
орта (ЕПЖ) сҧйылады. Әр тҥрлі микроорганизмдер желатинді тҥрліше
ыдыратады (15-сурет). Мысалы, сібір жарасының қоздырғышы ЕПЖ
воронка тҥрінде, ал стафилококкалар оны шҧлық тҥрінде сҧйылтады.
Достарыңызбен бөлісу: