Микробиология


-сурет. Желатинді сҧйылтудың әр тҥрлі формалары



Pdf көрінісі
бет34/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

15-сурет. Желатинді сҧйылтудың әр тҥрлі формалары
(Т.С. Костенко, 1989) 
Микроорганизмдердің 
казеинді гидролиздеу
қабілеті Эйкманның
сҥт қосылған агарында анықталады. Бҧл агарды дайындау ҥшін су 
моншасында балқытылған стерильді 10 мл ЕПА-на 3 мл стерильді 
майысыздандырылған сҥтті араластырып, Петри шыныларына
қҧйғаннан кейін суытады. Микроб ӛсіндісін осы қоректік ортаға 
бактериологиялық ілмектің немесе шпательдің кӛмегімен себеді. 
Қоректік орталар 24-48 сағат бойы термостатта ҧсталады. Казеиннің 
пептонизацияға ҧшырауы – микроб колонияларының айналасындағы 
сҥтті агардың мӛлдірленуіне әкеледі. Бактерияларды сҥтке себу кезіндегі 
протеолиз сҥттің мӛлдірленуіне және шыны тҥтіктің тҥбінде шырышты 
немесе борпылдақ тҧнбаның тҥзілуімен сипатталады. 
Бактериялардың 
белокты протеолизге ұшырату
дәрежесін 
ферментация кезінде пайда болған ыдырау ӛнімдерінің тҥрлерін (индол, 
кҥкірт сутегін, аммиакты және т.б.) зерттеу арқылы анықтайды.
Индолды
әр тҥрлі тәсілдермен зерттеуге болады. Олардың ішіндегі 
ең қолайлысы және ең қарапайым тәсілі тӛмендегі рецепттер бойынша 
дайындалған индикаторлық қағаздарды қолдану. 
1 Сҥзгіш қағаздың тілімін қымыздық қышқылының 12%-дық судағы 
қаныққан ыстық ерітіндісімен ылғалдандырып, ауада кептіреді. Тілімнің 
мӛлшері: 10 х 0,5 см. Олар тығыз тығыны бар шыны сауытта сақталады. 


41 
Индолдың тҥзілуін анықтау ҥшін зерттеуге алынған микроб ӛсіндісін 
шыны тҥтіктегі ЕПС немесе Хоттингер сорпасы бар қоректік орталарға
себеді де, индикаторлық қағаздардың тілімін тығынның кӛмегімен 
қыстырып қояды. Индикаторлық қағаздардың ҧшын қоректік ортаға 
тигізбеу керек. Шыны тҥтіктер термостатта 13ºС-та 1-3 тәулік ҧсталады. 
Индолдың тҥзілуі индикаторлық қағаздың тӛменгі ҧшының қызғылт 
тҥске боялуымен дәлелденеді. 
2 Сҥзгіш 
қағазды 
Эрлих 
реактивінің 
ерітіндісімен 
дымқылдандырады. Эрлих реактиві келесі қоспалардан тҧрады: 3-5 г 
парадиметиламидобензальдегид, 50 мл 96 %-дық спирт-ректификат, 10 
мл таза концентрацияланған тҧз қышқылы. Осы тәсілмен ӛңделген 
қағаздардың тҥсі сары болып, тығыз тығыны бар шыны сауытта 
сақталады. Индолдың тҥзілуі қағаздың ҧшын қызғылт тҥстен қызыл 
кҥрең тҥске дейінгі аралықта боялуымен сипатталады. Басқа тҥс есепке 
алынбайды. Эрлих реактивінің кӛмегімен индолды басқа тәсілмен де 
анықтауға болады. Ол ҥшін 5 мл 2-3 тәуліктік бактериялардың ӛсіндісі 
бар шыны тҥтікке эфирдің 2-3 мл-ін қосады да, оларды шайқап, 
тҧндыруға қояды. Сонан соң Пастер тҥтікшесінің кӛмегімен эфир 
қабатының астына Эрлих реактивінің 05-1 мл-ін қабаттайды. Бҧл 
реакцияға керекті Эрлих реактиві басқаша дайындалады: 1 г 
парадиметиламидобензальдегид + 100 мл 96% этил спирті + 20 мл 
химиялық таза тҧз қышқылы. Индол тҥзілгенде эфир мен сорпа 
ӛсіндісінің шекарасында 3-5 мин ішінде қызыл сақинаның пайда болады. 
Күкірт сутегінің түзілуін анықтау
ҥшін келесі тығыз қоректік 
орта дайындалады: 1 л стерильді 1,7-0,2% ЕПА-ға 0,2 г кҥкірт 
қышқылды темір, 0,3 г гипосульфит натрий, 12 мл индикаторлық 
финохромның 3% судағы ерітіндісін қосады. Қоректік ортаны 
стерильденген шыны тҥтіктерге 5-6 мл мӛлшерінде қҧйып, буымен 20 
минут аралығында стерильдейді. Қоректік ортаны қолданар алдында 
балқытады да, жазықтықта суытады. Бактерияларды қоректік ортаны 
жазықтығына, сонан соң шаншу арқылы оларды тік қатырылған ортаның 
тӛменгі бӛліміне себеді. Бактериялар кҥкірт сутегін бӛліп шығаратын 
болса, тік қатырылған орта қызыл тҥске, ал оның тӛменгі жағы қара 
тҥске боялады. 
Кҥкірт сутегін қоректік ортада анықтау ҥшін 10%-дық сірке 
қышқылды қорғасынның ерітіндісімен дымқылданған сҥзгіш қағаздың 
тілімдері қолданылады. Кҥкіртті қорғасынның пайда болуынан тілімнің 
ҧшы қара тҥске боялады. 
Аммиакты анықтау
тәсілдері. 1. Қызғылт лакмус қағазын бактерия 
ӛсіндісі бар шыны тҥтіктің ішіне тығынының кӛмегімен қыстырып 
қояды. Аммиак болған жағдайда қызғылт лакмус қағаз кӛк тҥске 
боялады. 2.Фарфордан жасалған шыны ыдысқа микробтардың сорпа 
ӛсіндісінің бір тамшысын тамызып, оны бір тамшы Несслер реактивімен 
араластырады. Аммиактың барында ӛсінді мен индикатор сары немесе 
қоңыр тҥске (аммиактың мӛлшеріне байланысты) боялады. Несслер 


42 
реактиві екі ерітіндінің қоспасы болып табылады: а) калий йодиді мен 
сулема және б) 50 %-ды КОН ерітіндісі.
Микробтардың 
редукциялау қасиеттерін зерттеу
қоректік 
орталарға қҧйылған органикалық бояулардың (метилен кӛгінің, 
малахитті жасылдың, бейтарап қызылдың және т.б.) тҥсінің ӛзгеруін 
анықтауға негізделген. Қоректік орта ретінде кӛбінесе сҥт қолданылады. 
Зерттеуге арналған ӛсіндіні бактериологиялық ілмектің кӛмегімен бояуы 
бар қоректік ортаға себеді де, термостатта 24 сағат бойы ҧстайды. 
Микроб ферменттерінің әсерінен бояу тҥссізденеді немесе оның 
бастапқы тҥсі ӛзгереді. 
Минкевич қоректік ортасында микробтардың редукциялау
қасиеттерін анықтау.
Минкевич ортасы – лакмус тҧнбасы бар сҥт. 
Микробтардың ӛсіндісін термостатта 10 кҥн бойы ҧстап, кҥнде тексеріп 
отырады. Лакмустың редукциялануы сҥттің толық ағаруымен 
дәлелденеді. Микробтардың қышқылды немесе сілтілі ӛнімдерді тҥзу 
қасиеттері де осы қоректік ортада анықталады. Бірінші жағдайда 
лакмусты сҥт қызыл тҥске, ал екінші жағдайда кӛк тҥске боялады.
Нитраттарды редукциялау
(денитрификация) ҥшін зерттеуге 
алынған ӛсіндіні қҧрамында 12%-дық азот қышқылды калий ерітіндісі 
бар ЕПС сеуіп, термостатта 48-72 сағат аралағында ҧстайды (37-38ºС). 
Сонан соң қоректік ортаға калий йоды мен 10%-дық кҥкірт қышқылы 
ерітіндісінің белгілі пропорциясынан қҧралған реактивтің 1 мл-ін 
қосады. Нитраттардың нитритке ауысуы (редукциялануы) ортаның кӛк 
тҥске боялуымен дәлелденеді. Каталаза бірнеше тәсілдермен 
анықталынады: 
1
Бір тәуліктік агар ӛсіндісінің бетіне 2 мл 1%-дық сутегінің асқын 
тотығын таратады. Каталазаның барында бӛлініп шыққанда қоректік 
ортаның бетінде кӛпіршіктер пайда болады; 
2
Зат шынысының бетіне сутегінің асқын тотығының 3-10%-дық 
ерітіндісін тамызады да, оны ілмекпен алынған агар ӛсіндісінің 
массасымен араластырады. Газ кӛпіршіктерінің бӛлініп шығуы 
каталазаның тҥзілуін дәлелдейді; 
3
Каталазаны сорпа ӛсіндісінде анықтау ҥшін шыны тікке 
ӛсіндінің 1 мл-ін қҧяды да оған 1 мл сутегі асқын тотығының 10%-дық 
ерітіндісін қосады. Каталаза барында газ кӛпіршіктері бӛлініп шығады. 
Бактериялардың 
гемолиттік қасиеттерін зерттеу.
Кейбір 
бактериялар 
эритроциттерді 
талқандайтын 
ерекше 
заттар 
– 
гемотоксиндерді бӛліп шығарады. Микроорганизмдердің осы 
қасиеттерін анықтау ҥшін оларды 5% фибрині жоқ қаны бар қоректік 
ортаға себеді (қанды ЕПА). Гемолиттік қасиеттері бар микробтардың 
мекендерінің айналасында мӛлдір аймақ (тҥссіз немесе боялған) пайда 
болады. Сҧйық қоректік ортаға себілген мҧндай микробтар 
эритроциттерді гемолизге ҧшыратып, ортаны мӛлдірлетеді. 


43 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет