44
антибиотикті қосып, араластырғаннан кейін келесілеріне ҥлестіру
арқылы сҧйылтады. Соңғы екі тҥтікке
антибиотик енгізілмей, бақылау
ретінде қалдырылады. Ал екінші қатардағы тҥтіктерде жоғарыда
кӛрсетілген реттілік бойынша зерттеуге алынған антибиотиктер
сҧйылтылады. Сонан соң екі қатардағы барлық шыны тҥтіктерге белгілі
мӛлшердегі тест-микробтар қҧйып, 18-24 сағат бойы 37ºС температураға
реттелген
термостатта
ҧстайды.
Олардың
нәтижелері
тест-
микробтардың ӛсу кӛрінісі байқалмаған сҧйылтым кӛрсеткішіне
байланысты бағаланады, яғни препараттың минимальды мӛлшері
анықталынады.
Зертхана жағдайларында кӛбінесе зерттелетін антибиотиктердің әр
тҥрлі концентрациясында сіңдірілген қағаз
дискісіндегі сақиналы әдіс
қолданылады.
Жұмысты орындау техникасы.
Зерттелуге алынған препаратты
физиологиялық ертіндімен әр тҥрлі қатынаста (1:10, 1:100, 1:1000,
1:10000 және т.б.) сҧйылтады. Стерильді қоректік агары бар бірнеше
Петри шыныларының беткейіне тест-микробтың ӛсінділерінен себінді
жасайды да, олардың тҥбін қарындашпен белгілеу арқылы тӛрт бӛлікке
бӛледі. Себінді жасалған агардағы әр бӛліктің ортасына белгілі
концентрациядағы антибиотик ерітіндісімен сіңдірілген стерильді қағаз
дискіні (диаметрі 0,6 см) орналастырып, 16-18 сағат термостатта (+37ºС)
ҧстайды. Ерітіндідегі антибиотиктің концентрациясына
және олардың
белсенділігіне байланысты дискінің айналасында тест-микробтың
ӛсуінің тежелу аймағы (әр тҥрлі кӛлемде) пайда болады. Пайда
болған
кӛлемі кіші аймақтарды сызғыштың және циркульдің кӛмегімен
ӛлшейді. Сонымен қатар белсенділігі белгілі стандартты антибиотиктер
де тексеріледі. Әрбір зерттелетін және стандартты антибиотиктердің
концентрациясын анықтау ҥшін олардың ортақ арифметикалық
кӛрсеткішін есептеп шығару қажет. Белсенділікті арнайы кесте немесе
стандартты қисық сызықты жҥйе бойынша есептеп шығарады.
Тиімді антибиотикті таңдап алу ҥшін
ауру қоздырғыштарының
бірнеше
антибиотиктерге
сезімталдықтарын
(антибиотиктік
рнезистенттілігі) тексереді.
Стерильді Петри шынысына 20 мл ЕПА қҧяды. Ортаның рН-ы 7,2-
7,4 аралығында болуы керек. Патологиялық материалдан бӛлініп
алынған ауру қоздырғышының ӛсіндісін агар бетінен физиологиялық
ерітіндімен шайып алып алғаннан кейін оның 1 миллиардты қоспасын
дайындайды да, 1 мл қоспадан қоректік агардың бетіне себінді жасайды.
Себінді жасалған ыдыстарды 15-30 минут бойы 37ºС-де кептіреді. Сонан
соң әртҥрлі антибиотик сіңдірілген қағаз дискілерді себінді жасалған
агардың бетіне стерильді пинцеттің кӛмегімен орналастырады. Бір
Петри шынысында 4-5 тҥрлі антибиотикті сынаудан ӛткізуге болады.
Дискілері бар Петри шыныларын бастапқыда бӛлме температурасында
(20ºС) 2-3 сағат, кейіннен 14-15 сағат термостатта (37ºС) ҧстайды.
Олардың нәтижелерін қағаз дискілердің айналасында микробтардың
45
ӛсуінің тежелу аймағын, олардың диаметрін анықтау арқылы бағалайды
(16-сурет). Микробтардың ӛсуінің тежелу аймағы 15-25 мм болған
жағдайда зерттеуге алынған микроорганизмдер антибиотикке сезімтал,
15 мм-ге дейінгілерінің сезімталдығы орташа, ал тежелу аймағының
болмағандары антибиотиктерге тӛзімді (резистентті) деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: