68
ауруға шалдыққаннан кейін 2-3 апта ӛткен соң алынады. Жануарлардан
қан алу және қанның сарысуларын дайындау жҧмыстары стерильді
жағдайда жҥргізіледі, оларға антикоагулянттар мен консерванттарды
қосуға болмайды. Себебі олар қан сарысуларын антикомплементарлық
жағдайға
ҧшыратады,
бейтараптау
реакциясында
вирустарды
инактивациялайтын қасиеттерге иеленеді немесе жасуша ӛсінділеріне
улы болады, не стерильділігі бҧзылады.
Малдан 10-15 мл қанды резеңке тығыны бар тҥтіктерге алып,
ҧйығанға дейін бӛлме температурасында ҧстайды да, шыны таяқшамен
немесе басқа сайманмен жиегін айналдырғаннан кейін (+4ºС)
тоңазытқышқа 18-20 сағатқа қалдырады. Сонан соң сарысуды сорып
алып, 100 ӘБ/мл мӛлшерде пенициллин мен стрептомицин қосады да,
бактериологиялық орталарға себінді жасайды.
Вирусологиялық балауда қолданылатын серологиялық әдістерде қос
қан сарысуы ҥлгілері зерттеледі. Сондықтан бірінші алынған сынамалар
дҧрыс сақталуы керек. Қан сарысуларын міндетті тҥрде тоңазытқышта
+4ºС-де немесе тӛменгі температурада қатырылған кҥйінде сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: