64
аурудың 1-2 тәулігінде ішектің барьерлік қызметі едәуір тӛмендеп, қан
тамырларының
ӛткізгіштігі
жоғарылап,
ішек
флорасының
диссиминациясы (организмге жайылуы) байқалады. Одан кейін
организмнің қорғаныс механизмдерінің іске қосылуы салдарынан
вирустардың мӛлшері азаяды. Вирустарды бӛліп
алуға арналған
материалдарды алу кезінде аурудың ағымын (денеге ену, вирустың
организмде таралу, олардың тропикалық орны мен бӛлінетін жолдарын)
ескерген жӛн.
Респираторлық инфекция кезінде вирустарды бӛліп алуға арналған
материал ретінде тыныс жолдарының шайындысын, мҧрын қуысы мен
жҧтқыншақ жағындыларын, ӛлімге ҧшыраған малдардың трахеясынан
қырындылар мен ӛкпе кесіндісін алса;
энтеровирустық инфекцияға
шалдыққан
малдардың
нәжісі;
нейротроптық
инфекцияға
ҧшырағандарының бас миы мен жҧлыны; дерматроптық инфекцияға
шалдыққан жануарлар терісінің жаңадан зақымдалған жерін және т.б.,
яғни вирустардың кӛп мӛлшері жиналатын жерлерінің материалдарын
алады. Сонымен қатар вирустарды бӛліп алуға арналған материалдар
болып малдардың экскреттері мен секреттері, органдардың кесінділері,
қан, лимфа және т.б. табылады.
Қанды жиі жағдайда малдың кҥре
тамырынан, ал шошқалардың
қҧйрық ҧшы мен қҧлағынан алады. Вирустарды бӛліп алу ҥшін
дефибринделген қан, не оның дистилденген сумен 1:1 қатынасындағы
қоспасы, немесе қанның жеке элементтері (эритроциттері, лейкоциттері,
плазмасы, қан сарысуы) пайдаланылады. Вирустарға қарсы тҥзілген
антиденелерді анықтау ҥшін бір малдан, араға 2-3 апта салып, 2 рет қан
алады (қан сарысуларының әрқайсысының мӛлшері 5 мл-ден кем
болмауы керек).
Шайындыны малдың мҧрын, кӛз, жҧтқыншақ қабырғасының, тік
ішек және қҧстар клоакасының кілегейлі қабықшаларынан стерильді
тампонмен алып, оларды 3-5 мл
антибиотик пен белокты
стабилизаторлары бар жасуша ӛсінділерін ӛсіруге арналған қоректік
орта немесе Хенкс ерітінділері қҧйылған флакондарға немесе шыны
тҥтіктерге салады.
Ауыз қуысы немесе сілекей бездері зақымдалған малдардың
сілекейлерін шыны тҥтіктерге тікелей жинап алады немесе таяқша
ҧшына бекітілген тампонға сіңдіріп алады да,
физиологиялық ерітінді
қҧйылған ыдысқа салып, аузын бекітіп қояды.
Зәрді катетр кӛмегімен стерильді ыдысқа жинап алса, нәжісті тік
ішектен шпательдің немесе таяқша кӛмегімен алып, стерильді ыдысқа
салады.
Везикула сҧйықтығын шприц немесе Пастер тҥтікшесінің кӛмегімен
стерильді шыны тҥтіктерге жинайды.
Афталарды, тері бетіндегі қабыршықтарды пинцетпен қырып алады.
Жҧлын сҧйықтығын асептикалық жағдайда пункциялау арқылы
алады.
65
Аурудан ӛлген малдар органдарының кесінділері тез арада алынуы
керек. Себебі кӛптеген вирустық инфекция кезінде организм
аутостерилизациялану
феномені байқалып, нәтижесінде олардан
вирустарды бӛліп алу қиынға тҥседі және ӛлекселердің бактериялармен
ластануы салдарынан сынамалардың стерильділігі бҧзылады.
Экспериментальды
жолмен
жҧқтырылған
жануарлардан
инфекциялық материалдарды аурудың агональды кезеңінде сойып,
стерильді жағдайда алады. Бактериялармен ластанған немесе бҥлінген
патологиялық материалдармен зертханалық жануарлар организмінде,
тауық эмбриондары мен жасуша ӛсінділерінде зерттеу жҥргізуге
пайдалануға болмайды.
Зерттеуге патологиялық материалды пішіні, кӛлемі, тҥсі,
консистенциясы ӛзгеріске ҧшыраған органдардың кесінділерін (мӛлшері
бірнеше см
3
және салмағы 10-20 г болатындай етіп) алады.
Достарыңызбен бөлісу: