71
зертханалық жануарларды жҧқтырып, олардың ауруға шалдығу
дәрежесін есепке алады. Вирусология тәжірибесінде қҧтырық
ауруын
балау ҥшін биосынама тышқан балаларына қойылса, инфекциялық
бронхитте биосынама тауық балапандарында жҥргізіледі.
Жиі жағдайда жануарлар организмінде вирустың болу тиімділігі
тӛмен болып, қандай вирус екендігін анықтауға мҥмкіндік бермейді.
Сондықтан вирустардың тҥрін анықтау ҥшін
қосымша зерттеулер
жҥргізілуі қажет. Бірақ, кейбір жағдайларда биосынама қойылған
жануарларда белгілі бір ауру қоздырғышына тән клиникалық белгілер
анық байқалып, патологиялық материалдарда
вирустың бар екендігін
білдіріп қана қоймай, тҥрін айқындауға да мҥмкіндік береді. Мысалы,
ӛлімге
ҧшыраған
торайлардың
паренхиматозды
органдарынан
дайындалған суспензияны қояндардың бҧлшық етіне еккен жағдайда
(егілген жерінде) қатты қышыма пайда болады, тіптен қышыған жерінің
терісі мен бҧлшық етін тістелеп тастайды да, ӛлімге ҧшырайды. Бҧл
кӛрсеткіш қояндардың Ауески ауруына шалдыққандығын кӛрсетсе,
тауық немесе кӛгершін шешегі вирусы бар
суспензия егілген тауықтар
мен қой шешегі жҧқтырылған қозыларда аталмыш ауру қоздырғышына
тән белгілерді анықтай отыра, олардың тҥрін анықтауға болады.
Биосынама қойылған жануарлардың организмінен қҧрамында
вирусы бар материалдарды жинап алған жағдайда, вирус толық бӛлініп
алынды деп есептеледі.
Экспериментальды
жолмен
жҧқтырылған
жануарларды
организмінде жиналған вирустарды ауруларға қарсы вакциналарды
дайындау немесе вирустардың қасиеттерін анықтау (идентификациялау)
ҥшін пайдаланады. Аусыл ауруына
қарсы вакцинаны дайындауға
қажетті биомассаны жинап алу ҥшін вирусты жаңа туылған қоян
балаларының организмінде ӛсіреді.
Зертхана
жағдайында
қандайда
болмасын
әдістермен
консервацияланған вирустар ӛздерінің белсенділік қасиеттерін жояды.
Сондықтан вирустардың белсенділік қасиеттерін ҧзақ уақыт (кӛп
жылдар) бойы сақтау ҥшін тірі жҥйелерде (жануарлар организмі, тауық
эмбриондары, жасуша ӛсінділері) кезекпен пассаж жасап отыру қажет.
Пассаж деп вирустың жаңа популяциясын алу мақсатында, оларды
сезімтал келетін тірі жҥйелерде ӛсіруді айтады.
Жаңадан пассаж
жасалған вирустардың белсенділік қасиеттері қайта қалпына келеді.
Вирустармен жҧмыс жҥргізу кезінде олардың инфекциялық титрін,
яғни материалдардағы мӛлшерін білу қажет. Оны анықтау ҥшін тҥрлі
сҧйылтымдардағы вирусы бар материалдарды тірі жҥйелерге
жҧқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: