118
ӛсімдіктердің жҧқпалы ауруларын балауда кеңінен колданылуда. Бҧл
тәсілдер ӛздерінің сезімталдылығы мен телімділігі жағынан кейбір
серологиялық және вирусологиялық реакциялардан асып тҥседі.
Ветеринария тәжірибесінде ИФТ мал шаруашылығына ӛте ҥлкен
экономикалық зиян келтіретін аса қауіпті жҧқпалы ауруларды дер
кезінде анықтау, мал ӛнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық-
санитарлық сараптау ҥшін қолдануға мҥмкіндік береді. Сонымен қатар
малдардың иммунобиологиялық кҥйін бақылау, вакциналар мен емдік
қан сарысуларының тиімділігін анықтау жҧмыстарында және басқа
зерттеулерде маңызды роль атқармақ. Қорыта айтқанда, ИФТ келешекте
зертханалық және клиникалық зерттеулерге арналған иммунохимиялық
талдаулардың ішіндегі ең басты тәсілдердің бірі болмақ.
ИФТ-дың «жанама» қойылымы.
Иммунды ферменттік талдаудың
«жанама» қойылымы зерттеуге алынған биологиялық материалдардың
қҧрамынан белгілі бір антигенге телімді антиденелерді анықтауға
негізделген. Бҧл әдісте пайда болған «антиген+антидене» кешені
ферментпен таңбаланған анти-антиденелердің кӛмегімен анықталады.
Бҧл әдістің қойылу жолдары келесі тәртіппен жҥргізіледі (43-сурет).
Әуелі қатты фаза антигенмен бекітіледі (1).
Сонан соң қатты фазаны зерттеуге алынған
ҥлгімен ӛңдеп (2), антигенмен байланысқа
тҥспеген антиденелердің артық мӛлшерін
шайып
жібереді.
Пайда
болған
«антиген+антидене»
кешенін
анықтау
мақсатында
қатты
фазаны
ферментпен
таңбаланған
анти-антиденелермен
(конъюгатпен) тҥйістіреді (3). Келесі кезеңде
конъюгаттың артық мӛлшері шайылып, пайда
болған «антиген+антидене+конъюгат» кешенін
анықтау ҥшін ферменттің субстраты іске
қосылады (4). Қатты фазада фермент
болғанда, яғни реакция оң нәтиже кӛрсеткен
жағдайда (ол тек зерттеуге алынған ҥлгілердің
қҧрамында антигенге телімді антиденелердің
барында ғана қатты фазадан шайылмай
қалады)
субстрат
ыдырауға
ҧшырап,
хромогеннің сҧйықтықты бояуына себепкер
болады. Ал зерттеуге алынған ҥлгілерде
телімді антиденелер болмаса, конъюгат шайылып кетеді де, субстрат
сҧйықтығы ӛзгеріске ҧшырамай тҥссіз кҥйінде қалады (теріс нәтиже).
Субстраттың
ыдырауы
тоқтатылып,
реакция
нәтижелері
фотоколориметриялық әдіспен немесе аспапсыз кӛзбен қарау арқылы
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: