Микробиология



Pdf көрінісі
бет94/179
Дата23.09.2024
өлшемі5,08 Mb.
#145308
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   179
Байланысты:
BulashevAK BMB.pdf

Қан сарысуы.
 
Ауру қоздырғыштарының типтерін анықтау ҥшін 
биофабрикадан шығарылған телімді қан сарысулары қорабында 
кӛрсетілген жҧмыс титрінен екі еселенген мӛлшерде алынады. Егер, 
қорапта кӛрсетілген титр 1:40 болса, жҧмыс титрі 1:20 алынады. 
Антигендер.
 
Биофабрикадан шығарылған ауру қоздырғыштарының 
телімді антигендері де екі еселенген сҧйылтымда қолданылады. Антиген 
қорабында кӛрсетілген сҧйылтым 1:6 болса, қолданылатын сҧйылтым 
1:3 қҧрайды.
Зерттеуге алынған антиген ретінде жануарлардан алынған 
патологиялық материалдары (ауруға шалдыққан малдардан алынған 
ҥлгілер, биосынама қойылған зертханалық тышқандар мен қояндардың 
ҧшалары), қҧрамында вирусы бар ӛсінді сҧйықтығы. Комплементті 
байланыстыру реакциясында зерттеуге алынған антигенді бҥтіндей (33% 
суспензия) және 1:2, 1:4, 1:8 сҧйылтымдарда тексереді. 


115 
Қҧрамында вирусы бар ӛсінді сҧйықтықтарынан антигендерді алу 
ҥшін, оларды 2-3 сағат бойы –20ºС температурада қатырып, еріткеннен 
кейін сҧйықтықты 15 минут бойы 3000 айн/мин центрифугамен 
тҧндырады. Тҧнба сҧйықтығын +58ºС-де белсенділігін жойған соң қайта 
тҧндырып, оны КБР-да антиген ретінде қолданады.
Негізгі зерттеуді жҥргізу.
 
Вирустардың типін анықтау ҥшін негізгі 
зерттеумен қатар, бақылау – барлық телімді антигендер мен қан 
сарысулары қойылады.
Реакцияны қою ҥшін компоненттер келесі кезекпен қҧйылады: 1) 
жҧмыс титріндегі барлық телімді қан сарысуларының әр қайсысы бір 
қатарға (тігінен) 0,2 мл мӛлшерінде; 2) жҧмыс титріндегі антигендер 
бірінші қатардағы тҥтікшелерге (кӛлденеңінен) 0,2 мл мӛлшерінде, әр 
антиген бір қатарға; 3) зерттеуге алынған антиген 0,2 мл мӛлшерінде, әр 
сҧйылтымға бір қатар тҥтікшеден (кӛлденеңінен); 4) физиологиялық 
ерітінді 
соңғы 
қатардағы 
тҥтікшелерге, 
антигеннің 
орнына, 
кӛлденеңінен (қан сарысуының бақылау) және қан сарысуының орнына, 
тігінен (антигендердің бақылауы) 0,2 мл мӛлшерде; 5) жҧмыс 
сҧйылтымындағы комплементті 0,2 мл-ден барлық тҥтікшелерге. 
Тҥтікшелерді ақырын шайқап, +37-38ºС температураға реттелген су 
моншасында 20 минут ҧстайды; 6) барлық шыны тҥтікшелерге 0,4 мл-
ден гемолиттік жҥйені қосып, шайқағаннан кейін қайта су моншасына 
(+37-38°С) 30 минутқа қояды. Реакцияны су моншасында тҧрғаннан 
кейін 5-10 минуттан соң оқиды және соңғы нәтижені 10-12 сағаттан 
кейін анықтайды. Гемолиздің тежелу дәрежесін келесі кӛрсеткіштер 
бойынша бағалайды: ++++ - 100% гемолиздің тежелуі; +++ - 75% 
гемолиздің тежелуі; ++ - 50% гемолиздің тежелуі; + - 25% гемолиздің 
тежелуі; – - толық гемолизге ҧшырауы.
Егер зерттеуге алынған антиген телімді антиденелерге тән болса – 
гемолиз тежеліп, реакция оң болады; ал антигенге телімді антиденелер 
болмаса – реакция теріс болып, толық гемолиз байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет