6.4.2. Ауаны микробиологиялық бақылау. Ауаны микробиологиялық бақылау табиғи немесе микробтарды еріксіз қондыру (седиментациялау) әдісінің көмегімен жүргізіледі. Табиғи седиментация (Кох тәсілі бойынша) Петри табақшасындағы тығыз қоректік орта бетіне 5-10 минут бойына микробтарды шөктіру жолымен жүргізіледі. Мәжбүрлік седиментация арнайы қондырғы көмегімен қоректік ортаға ауа сынамасын «себу» жолымен жүргізіледі. (импактор, импанджлер, сүзгілер). Импакторлар-ауадан микробтарды қоректік орта беткейіне мәжбүрлік шөктіруге арналған қондырғылар (Кротов қондырғысы, бактериологиялық аэрозолдің сынамасын алушы, т.б.) Импанджерлер-ауаны NаCL изотониялық ерітіндісінен немесе сұйық қоректік ортадан өткізетін қондырғылар.
Ауаның санитарлық-гигиеналық жағдайы келесі микробиологиялық көрсеткіштермен анықталады:
1. 1м3 ауадағы Микроорганизмдердің жалпы санын- Петри табақшасында 370 С 24 сағат бойына қоректік ортада өскен микроорганизмдер колонияларының саны.
2. Санитарлық көрсеткіш микробтардың индексі-1 м3 ауадағы гемолитикалық стрептококк пен алтынды стафилококтар саны. Бұл бактериялар жоғарғы тыныс жолының қалыпты микрофлорасының өкілдері және ауа-тамшылы жолмен берілетін патогенді микроорганизмдермен бөліну жолы ортақ болып келеді. Ауада спора түзетін бактериялардың болуы – ауаның топырақ микроорганизмдерімен ластану көрсеткіші, ал грамтеріс бактериялардың көрінуі- антисанитарлық жағдайдың көрсеткіші болады.
Емдеу мекемелерінің ауасын бағалау үшін ұсынылған арнайы нормативті құжаттардың мәліметтерін қолдануға болады.
6.4.3. Тағам өнімдерін микробиологиялық бақылау. Тағам өнімдерін санитарлық – микробиологиялық зерттеу жоспарлы түрде және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі.
Жоспарлы түрде келесі көрсеткіштер бойынша зерттеу жүргізіледі.
Жалпы микробтар саны. МАФАМ анықтау – мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроорганизмдердің , 370 С температурада 24 сағат инкубациядан соң тығыз қоректік ортада өскен колонияларын санайды.
Тағам өнімдеріндегі санитарлық-көрсеткіш бактерияларды анықтау-ішек таяқшасын, ІТТБ , энтерококтар, алтынды стафилококтар, протей тобының бактерияларын, клостридийлерді (сульфит қалпына келтіруші) табу қолданылады.
Салмонеллаларды анықтау - мысалы, ет өнімдерін зерттегенде (басқа көрсеткіштермен бірге), т.б. қолданылады.
Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша – микробтық этиологиялы тағамдық уланулар қоздырғыштары (патогенді және шартты-патогенді микроорганизмдердің) бар-жоғын анықтау үшін зерттейді.
Сүтқышқылды өнімдерде – сүзбе, қаймақ, айран және т.б. арнайы микрофлорасы бар (сүтқышқылды стрептококтар, лактобактериялар, және т.б. ) өнімдерде жалпы микробтар санын анықтамайды.Бұл өнімдерде сүтқышқылды микрофлораны жағынды дайындап, метиленді көкпен бояп, бактериоскопиялық әдіспен зерттейді. Сәйкес сүтқышқылды микрофлора болмай , бөгде микрофлора (көгерткіш саңырауқұлақ , ашытқылар және т.б.) анықталуы өнімнің дұрыс дайындалмағанын, технологиясының бұзылуын немесе дұрыс сақталмағандығын көрсетеді. Тек , қымыз бен айранды микроскопиялық зерттегенде көру айдынында 2-5 ашытқы жасушалар анықталады , себебі бұл өнімдер сүтқышқылды және спирттік ашу нәтижесінде даярланады.
Консервіленген тағам өнімдерінде ішек таяқшасы, протей және патогенді микробтар болмауы керек.
Көкөністен , балықтан , еттен дайындаған консервілерді зерттегенде мыналар ескеріледі:
Аэробты микроорганизмдерді анықтау