Микробиология


Иммунологияның даму тарихы



бет125/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

8.1.3. Иммунологияның даму тарихы
Ауырған адам сауыққаннан кейін қайталап ауырмайтындығы ерте заманнан бері байқалынған еді. Әр ғасырда, әр оқымысты бұл көрініске өз пікірінше түсінік берген. Гиппократ- «ағзаның табиғаты», не «емдеу күші», Гален - «өмірлік күш», Парацельс - «емдейтін күш» деп түсіндірген. «Иммунитет» деген термин медициналық әдебиетке Х1Х ғасырдың соңына таман кіре бастап, француз сөздігіне 1869 жылдары нақтылы қосылған.
Иммунология ілімі даму желісіне сәйкес шартты түрде үш кезеңнен өткен: протоиммунология – антикалық уақыттан Х1Х- шы ғасырдың 80-ші жылдарына дейін; эксперименталдық және теориялық кезең – Х1Х - шы ғасырдың 80-ші жылдарынан ХХ-шы ғасырдың бас кезіне дейін; үшінші кезең ХХ -шы ғасырдың орта кезінен бастап соңына дейін. Үшінші кезеңде иммунологияның молекулалық және генетикалық салалары щұғыл дамығандықтан бұл уақыт молекулалық-генетикалық кезең деп аталды.
Ғылыми иммунологияның негізін құрған француз химигі Луи Пастер, орыс ғалымы И.И.Мечников, немістің дәрігер-биохимигі Пауль Эрлих деп саналады.
Әділеттік ретінде атап кететін жағдай. Қазақ елінің ХV ғасырдағы ғұлама-шипагері Өтебойдақ Тілеуқабылұлы “Шипагерлік баян” дейтін еңбегінде шешек індетіне қарсы егу әдісін тапқан және іс жүзінде қолдану тәсілі туралы толық мәлімет берген. 200 жылдан кейін шешек ауруынан сақтану үшін сиыр қара шешегін адамға егуді ағылшын дәргері Эдвард Дженнер ұсынған болатын, бірақ, ол бұл көрністі ғылыми түрде негіздей алмады.
Сонымен, Х1Х және ХХ ғасырлардың арасында жаңа ілім саласы иммунология құрылып, ХХ ғасырдың ішінде аса маңызды ғылыми жаңалықтар ашылып, иммунология жалпыбиологиялық және жалпымедициналық ілімге айналды (8.2-кесте). Көптен-көп ашылған жаңалықтардың биологияға, әсіресе медицинаға маңызы зор екеніне Нобель сыйлығымен марапатталған оқымыстылардың: (И.И.Мечников, П.Эрлих, Р.Кох, Э.Беринг, Ж.Борде, К.Ландштейнер, Ш.Рише, Д.Снелл, Н.Ерне, Ф.Бернет, П.Медвар, Р.Портер, Д.Эдельман, Ж.Доссе, У.Мильштейн Д.Келлер, С.Тонегава, С.Прусинер және тағы басқалардың) еңбектері куә бола алады. Иммунологияның негізін құрған Л.Пастер Нобель сыйлығымен марапатталмаған, өйткені оның өмір сүру кезінде мұндай сыйлықпен марапаттау комитеті құрылмаған еді.
Х1Х ғасырда мен ХХ ғасырдың бірінші жартыснда иммунология Еуропада, әсіресе Францияда қарқынды дамыған еді. 1888 жыл Л.Пастердің адамзатқа сіңірген атақты еңбегі үшін халықтан жиналған қаражатқа Иммунология институты (қазіргі уақытта Пастер институты) ашылып, бұл мекеме басқа елдердің иммунолог-ғалымдары жыйналған орталық ғылыми мектебі болды. Пастер институтының қабырғасында көптеген дүние жүзіне әйгілі ғалымдар іс атқарып иммунологияның одан әрі дамыуына себепкер болған. Иммунологияның дамуына аса зор еңбек сіңірген Ресей ғалымдары И.И.Мечниковты, В.К.Высоковичті, Г.Н.Габричевскийді, Н.Я.Чистовичті, Л.А.Зилберді, П.Ф.Здродовскиді, Р.В.Петровты айта кету керек.
1980 жылы Иммунолог галымдардың Бүкілодақтық қоғамы құрылған болатын. 1983 жылдан бері «Иммунология» журналы шығарылады. Қазақстанда осындай қоғам құрылған, онын төрағасы профессор А.А.Шортанбаев басқарған қоғам мүшелері-республиканың иммунологтары жемісті еңбек етіп жатыр.
Иммунология мамандары медициналық академияларда, университеттерде және ғылыми-зерттеу институттарында дайындалады.

Кесте 8.2.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет