Микробиология


ТАРАУ. Иммунитет туралы ілім және бейспецификалық тұрақтылықтың факторлары



бет123/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

8 ТАРАУ. Иммунитет туралы ілім және бейспецификалық тұрақтылықтың факторлары
8.1 Иммунологияға кіріспе
Адам организмі айналадағы ортаның табиғи тірі өкілдерімен үздіксіз қарым-қатынаста болуымен бірге биологиялық белсенді әсері бар көптеген макромолекулалармен кездесіп отырады. Ол макромолекулалар жануарлар және өсімдік өкілдерінің тіршілік ету кезінде пайда болып, ақуыздардан, полисахаридтерден, нуклеин қышқылдарынан және де оның косындыларынан тұрады. Сонымен қатар, адам тіршілігіне қажетті заттар жасанды түрде алынуы мүмкін ( дәрі–дәрмек, тағамдық ақуыздар, ферменттер).
Биологиялық белсенді макромолекулалар адам ағзасына еңген кезде биологиялық процестердің жүруіне кедергі жасауы мүмкін. Ондай заттар адам организміне бөгде болғандықтан олардың барлық түрі бір топқа жатқызылып, «антигендер» деп аталған. Эволюциялық даму барысында организмді бөгде заттардан қорғау үшін жылықандыларда арнайы жүйе құрылған. Ол жүйе иммунитет жүйесі деп, ал оның атқаратын қорғаушылық қызметі- иммунитет деп аталды.
8.1.1. Иммунитеттің мәнісі және рөлі
«Иммунитет» (immunitas) латын тілінен аударғанда –дербес құқықтық, зат әсерінен, не әртүрлі себебтен босатылған, не арылған деген мағына болады. Бұл түсінік адам қоғамында ерте заманнан бері әйгілі, мысалы, шаруаларды салықтан босату, ал кейінірек уақытта дербестік үшін қолданылды. Ол сөздің биологиялық маңызы организмді антигендерден қорғап және арыту жолында жүретін биологиялқ процестер түсінігіне сәйкес келеді.
Назар аударатын бір жағдай, кез-келген зат антиген болуы үшін белгілі қасиеттерге ие болу керек, соның ішінде негізгілері; генетиқалық бөгделік, белгілі химиялық құрылымы, организмнің ішкі тұрақтылғын бұзу мүмкіншілігі т.б.
Антиген әлемі түрлі және көп санды болып келеді. Олар организмге әртүрлі жолдар арқылы енуі мүмкін; тыныс алу органдары, ас қорыту жүйесі, тері, шырышты қабық. Организмге сырттан енетін антигендерді экзогендік антиген деп атайды. Сонымен қатар, кейбір кезде ағзаның меншікті тіні мутация, не басқа бір факторлар әсерінен өзгергендіктен антигендер іштен пайда болуы мүмкін, олар эндогендік деп аталады. Эволюциялық даму жолында организмді антигендерден қорғау үшін арнайы кұрделі қорғаныс жұйесі құрылған. Ол жүйені «иммунитет жүйесі» деп атайды. Жылықандыларда ол жүйенің рөлін ерекше анатомиялық құрылысы бар, арнаулы түрде, өзіндік механизіммен жауап беретін және физиологиялық функциялы лимфойдтық тін атқарады.
Иммунитет жүйесінің атқаратын басты-басты жұмыстары төменгідей:
1.Антигенді ажыратып тану, яғни оның генетикалық бөгделігін және оның ағзаның антигендерінен өзгешілігін дәлелдеу.
2.Иммунитет жүйесіне тән реакциялар мен механизмдер кешені арқылы ағзаның құрлыстық, функционалдық калыптылығын сақтау үшін ағзада жүретін биологиялық процестерге антигеннің әсерін тигізбеуден сақтау.
3.Ағзада сол антиген туралы өзіндік мәліметті өмір бойына есте сақтап қалу.
Сонымен қатар иммунитет жүйесі организмнің жеке бастық биополимерлерінің өзіндігін қолдап, оның сақталуына себепкер болады. Өйткені, планетадағы әр адам ( бірұрықты егізден басқалары ), генетикалық тәсілмен құралған тек қана өзіне тән биополимерлердің антигендік ерекшелігіне ие. Егерде организмде антигендердің бөгде түрі пайда болса ( мутация, не басқа патологиялық процестерге байланысты) иммунитет жүйесі оны ажыратып - бейтараптайды.
Қорытып айтқан кезде, әлемдегі жануарлардың, өсімдіктердің соның ішінде микроорганизмдердің биополимерлерінің антигендік кұрамы генетикалық өзгешіліктен тұрады, яғни антигендерінің түрлік ерекшеліктері бар.
Содықтан, нақтылы айтсақ, иммунитет дегеніміз организмді генетикалық бөгде заттардан, яғни экзогендік және эндогенік тегі бар антигендерден қорғап, ағзаның гомеостазын, құрлыстық, функционалдық және де тек қана әрібір организмнің даралығы емес сонымен қатар бүкіл түрдің қасиеттерін қолдау, қорғау және сақтау тәсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет