8.1.5. Иммундық жүйенің іс атқаруының негізгі принциптері мен механизмі
Иммундық жүйе организмді антигендерден арнайы түрде қорғау ісін атқарады. Ол жүйе лимфоидтық тіннен тұрады. Өзінің іс атқаратын факторларының (иммундыреагенттер) кірісуімен жасушалық және де гуморалдық реакциялар жүру арқылы антигенді бейтараптап, залалсыздандырып ағзадан тыс шығарады. Иммундық жүйенің антигендерді заладансыздандыру ісі бейспецификалық факторлармен толықтырылып, ағзаны қандайда болмасын бөгде заттардан қорғайды.
Бейспецифиқалық резистенттік факторлары мен иммунитеттің спецификалық факторларының тізімі 8.3-кестеде келтірілген.
Кесте 8.3.
Иммундық жүйе мен антигеннің өзара әсерлесу принциптері.
Антигеннің
тегі
|
Кіріс
қақпасы
|
Иммундық қорғау
факторлары
|
Қорғау механи-
зімі
|
Нәтижесі
|
Тумысынан
пайда болған
|
Жүре
пайда болған
|
Экзогендік
Эндогендік
|
Тері, шырышты
қабық, АІШ,
Тыныс алу,жыныс,
зәр шығару жолда-
ры, қан, сөл.
|
Механикалық ке-
дергі (тері,шырыш
ты қабық).Физика-
химиялық кедергі
(ферменттер, рН)
Биологиялық кедер
гі (фагоцитоз, ком-
племент т.б.)
|
Антидене түзу.
Иммунды фагоци-
тоз. Лимфоциттер-
дің киллерлік ісі.
ДГС. БГС.Толера-
нттық. Иммуноло-
гиялы есте қалу.
|
Бейбелсендіру.
Күйретү.Антиген-
ді шығару.
Ареактивтік.
|
Гомеостазды қал-
пына келтіру. Им-
мунологиялық есте
сақтаудың негізін
құру. Толерантық-
ты құру. Аллергия-
ны калыптастыру.
|
Ағзаның бейспецификалық төзімділігін қамтамасыз ететін факторлар: а) бөгде заттардың ағзаға енуіне бөгет болатын механикалық кедергілер (тері, тыныс жолының және ас қорыту жүйелерінің шырышты қабығы, тыныс алу жолының желпілдегіш эпителиі және шырышы); б) антигендердің құрылысын бұзушы физикалық-химиялық кедергілер (ферменттер, ортаның рН-ы, органикалық қышқылдар т.б.) в) қорғаныстың арнайы факторларымен бірлесіп антигендерді бөгде заттар ретінде ұстап-обырушы және құрылысын бұзушы иммундыбиологиялық кедергілер ( фагоциттер, комплемент, интерферон, қан ұйуын қолдаушылар, фибронектин).
Арнайы қорғанысты қамтамасыз ететін факторлар: антиденелер, иммундық фагоцитоз, лимфоциттердің цитотоксикалық әрекеті, гиперсезімталдықтың жедел (ЖГС), гиперсезімталдықтың сезімталдықтың баяу түрі (БГС), толеранттық және иммунологиялық есте қалу.
Егер антигендер бейспецификалық бірінші қорғаныс факторлар кезеңінен өтіп кетсе онда іске екінші шептегі спецификалық факторлар кіріседі, яғни екі шеп қоян–қолтық тығыз байланыста іс атқарады. Сонымен қатар, антигендерді заласыздандыру үшін қорғаныс факторларының барлығының қатынасуы міндетті емес. Бірақ, ағзаны антигендерден қорғау жолында көбінесе иммунитеттің спецификалық және бейспецификалық реакциялары бірлесіп жүреді.
Иммундыглобулиндер (спецификалық, рецепторлық , табиғи), фагоциттер (табиғи, иммунды), киллерлік іс атқаратын цитотоксиқалық лимфоциттер, антигеннің құрылысын бұзатын ферменттер (лизоцим және т.б.), комплемент, қан сарсуының қорғаушы ақуыздары (пропердин, бетта-лизин, фибронектин т.б.), иммундыцитокиндер (интерлейкиндер, интерферондар, тимустың пептидтері, миелопептидтер т.б. факторлар), иммундыжауапты жасушалардың рецепторлары, МНС-тың (ағылшын - Main Histocompatibility Complex, гистосәйкестіктің басты комплексі) антигендері иммундық жүйеде қорғаныс ісін атқаратын басты биорецепторлар болып табылады.
Иммунитет процесінің механизімін сызбанұсқа ретінде қарасақ, ол өзін-өзі бағдарлайтын, рет-ретімен жүретін, антигендерді тысқа шығарып, дербестікті сақтап, тұрақтылықты қайта құруға бағытталған іс-әрекеті болып табылады.
Иммундық жүйе жұмысының басталуына антигеннің ағзаға әртүрлі жолмен сырттан енуі, немесе оның ағза ішінде құрылуы себепкер болады. Содан кейін ең алғашында антигеннің бөгде екені дәледенеді: бірінші- фагоцитоз арқылы бейспецификалықты анықтау, одан кейін Т-лимфоциттермен спецификалықты тану. Келесі кезең - ағзаның барлық спецификалық және бейспецификалық қорғаныс факторларын іске қосу. Ол процесс антигенің табиғатына және сипаттарына, сонымен қатар антигеннің ағзаға патогендік әсер ету дәрежесіне байланысты. Осы процестердің нәтижесі ретінде антиген күйретіліп, бейтараптанып организмнен тыс шығарылады. Кейбір жағдайда антигенмен кездескеннен кейін, организмде сол антигенге сезімталсыздық және шыдамдылық пайда болады. Қолайлы нәтиже кезінде иммундық процесс организмнің гомеостазын қалпына келтіріп, ұзақ уақытқа дейін организмде сол антигенге қарсы иммунитетті сақтап, ол антиген туралы мәліметті иммундық есте қалдырылып, төзімділік тудырады. Сонымен қатар, жағымсыз жанама көрініс ретінде сол антигенге қарсы көтеріңкі, не жоғарлатылған сезімталдық (аллергия) пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |