9.2.1.3. Иммундық жүйе жасушаларының түрлері Спецификалық иммунды қорғау жұмысын қанның миелоидтық және лимфоидтық өсімінен пайда болған көп санды жасушалар тобы - лимфоциттер, фагоциттер және дендритті жасушалар атқарады. Олар иммундық жүйенің негізгі жасушалары. Сонымен қатар, иммундық жауапқа басқа да жасушалар түрі қатынасуы мүмкін (эпителий, эндотелий, фибробластар т.б.). Аталған жасушалар бірінен бірі тек қана сырт пішінімен, атқаратын жұмысымен емес күрделі құрылыс құрамымен, сезгіш аппараттарымен және де атқарылған іс нәтижесімен ажыратылады. Соған қарамастан барлығының пайда болған тегі ортақ. Негізінде оларды құрушы - жілік майындағы полипотентті жүйкелі жасушалар (7-сызбанұсқа).
Иммундық жүйе жасушаларының цитоплазмалық мембранасының үстінде маркерлері бола алатын ерекше молекулалар орналасқан. Арнаулы антиденелердің көмегімен олар субпопуляцияға бөлінген. 1980 жылы адам лейкоциттерінің маркерлері халықаралық белгімен CD – антигендер деп аталған (ағылшын сөзінен Cluster Differentiation or Definition). Қазіргі уақытта иммундық жүйенің басты субтүрлік жасушаларын моноколоналдық антиденелерді қолданып, серологиялық реакциялармен қай топқа жататындығын дәлелдеуге болады.
Иммунды жауапқа қатынасатын жасушалар иммундыцитокиндер және лигандар деп аталатын медиаторларды синтездеп шығарады олар атқару белсенділігіне сәйкес регуляторлық (индукторлық, реттеушілік), эффекторлық (көрністудырушылық) және АӨЖ ( антидене өндіретін жасушалар) болып бөлінеді. Реттеуші жасушалар иммундық жауаптың бағытын, өнімділігін және қанша уақытқа созылатындығын (ұзақтығын) анықтайды. Эффекторлық жасушалар - иммундық қорғанысты іске тікелей асырушылар. Ағзаға енген антигендерге олар тікелей, немесе өзі қорытып шығарған биологиялық заттар (антиденелер, медиаторлар т.б.) арқылы әсер етеді.
АӨЖ – лар күрделі емес, бірақ өте жауапты жұмысты атқарады. Олар антигенді ұстап, өңдеп МНСll құрамындағы иммунитет құрылуына жауапты (ИҚЖ) жасушаларға тапсырады. Олар антигендерді талғамайды. Оның себебі АӨЖ –мембранасында қолдаушы факторлар мен адгезиялық заттар бар. Соның нәтижесінде АӨЖ –лар түрлі құрамы бар антигендерді АӨЖ –ға ұсынып, олармен тұрақты және ұзақ уақытқа созылатын байланысқа түсуін қамтамасыз етеді.
АӨЖ-ларға нақтылы сәйкес келетін жасушалардың қатарына жілік майынан тараған дендритті жасушалар, В-лимфоциттер және макрофагтар кіреді.
Макроағзаның иммунды қорғанысының бағытталып жүретінінің себебінің бірі иммундық жүйе (ИЖ) жасушаларының сыртқы мембранасында спецификалық антигендік рецепторларsның болуы. Қабылдау механизміне сәйкес олар тікелей және жанама әсерліге бөлінеді. Тікелей әсерінің нәтижесінде олар антигендермен тура байланысады. Лимфоциттердің бірталай субтүрлері міндетін осындай жолмен атқарады. Жанама әсер етушілер антиген мен иммундыглобулиндердің Fc – бөлігі арқылы міндетін атқарады. Бірақ, бұл жолмен жүретін процестің нәтижесі Fc- бөлігінің қасиеттеріне байланысты. Айтылған жолмен макрофагтар, табиғи киллерлер, эпителиялық дендриттік жасушалар жұмыс атқарады.
Иммунды жауап әртүрлі жасушалар тобының тығыз қарым–қатынаста іс атқаруына негізделген. Осындай қабілетке жету үшін иммундық жүйенің жасушалары кең спектрлі иммундыцитокиндер қорытып шығаруы керек. ИЖ жасушаларының үстем көбі адам организмінің ішкі ортасында лимфатикалық және қан тарату жүйесінің мүмкіншілігін қолданып қайта айналып отырады.
ИЖ-ның жасушалық элементтерінің құрамы үнемі қайталанып жаңартылып тұрады. Істен шыққан жасушалар жойылып, олардың көпшілігі жүйелік жасушалардың өсіп-өнуімен толтырылады.