Микробиология


Эпидемиялық процесс туралы түсінік



бет118/216
Дата11.01.2023
өлшемі3,31 Mb.
#60906
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   216
Байланысты:
мед.микробиология 1 часть каз

7.8. Эпидемиялық процесс туралы түсінік.
Эпидемиялық процесс – бұл ұжымда қоздырғыш айналымынан туындаған симптомсыз тасымалдаушылық пен манифестік ауруға дейінгі спецификалық инфекциялық жағдайлардың тұрғындар арасында пайда болу және таралу процесі.
Эпидемиялық процестің қалыптасу жағдайлары мен механизмін , оны зерттеу әдістерін , және де жұқпалы ауруларды азайту және оның алдын-алуға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар жиынтығын зерделейтін арнайы ғылым саласы бар – ол эпидемиология деп аталады.
Эпидемиялық процестің биологиялық негізі паразитарлық жүйе болып табылады, яғни паразит және ие популяцияларының өзара әсерлесуі. Кез келген инфекция немесе инвазия кезінде осындай өзара әрекеттесу процесінде паразит пен иенің популяциясында өзара бейімделу (адаптациялық) өзгерістер болады. Паразитарлық жүйенің тұрғындардың әлеуметтік жағдайларымен ұштасуы, оны эпидемиялық процеске айналдырады.
Эпидемиялық процесс үш элементтің үзіліссіз өзара әсерлесуімен байланысты:
1) инфекция көзі;
2) берілу механизмі, жолдары және факторлары;
3) қабылдағыш ұжым.
Осы звенолардың кез келгенінің шығып қалуы эпидемиялық процестің үзілуіне әкеледі.
Эпидемиялық процестің бірінші элементі – инфекция көзі. «Инфекция қоздырғышының көзі» түсінігі патогенді микробтардың тіршілік ететін табиғи орны болып табылатын , сол жерден адамдар мен жануарларға жұғатын тірі немесе абиотикалық обьектілер, дегенді білдіреді. Инфекция көзі ретінде адам организмі (науқас немесе тасымалдаушы) , жануарлар организмі және қоршаған ортаның абиотикалық обьектілері болуы мүмкін.
Инфекция көзі тек қана адамдар болатын инфекцияны антропоноздар, ал инфекция көзі ауру малдар болатын бірақ адамдар да ауратын инфекцияны-зооноздар деп атайды. Сонымен бірге сапроноздар тобын ажыратады, бүл кезде инфекция көзі-сыртқы орта обьектілері болып табылады. Сапроноздар – ол қоздырғыштарының омыртқалы иесі ғана болып қоймай, олардың даму ортасы мен резервуары өлі табиғатты да (органикалық заттар, соның ішінде тағамдар, топырақ, өсімдіктер) болатын аурулар.
Cапроноздардың қоздырғыштары адамдар мен жануарлардың жалған паразиттері болып табылады . Олар тұрақты түрде табиғи қоршаған орта обьектілерінде (су, топырақ) мекендейді және табиғатта өз тіршілігін сақтау үшін эпидемиялық процесті қажет етпейді. Осыған байланысты сапроноз кезіндегі эпидемиялық процесс , ол қоршаған орта обьектілерінен адамдар ұжымына қоздырғыш жүғу нәтижесінде бір дерттен екінші індет туындамайтын процесс. Сапроноздар кезіндегі эпидемиялық процесс - олардың қоздырғыштарының жалған паразитизмге қабілеттілік көрініс , ал адамдарда болатын әрбір дертке шалдығу жағдайы зооноздар кезіндегі сияқты биологиялық тұйық болып табылады. Сапроноз қоздырғыштары адамдарға жұғудан бұрын , инфекция жұққан тірі адамдар мен жануарлар ортасына жағдайлары (ең болмағанда температурасы және ылғалдығы бойынша ) ұқсас қоршаған орта обьектілерінде шоғырланады: легионеллалар-кондиционерлердің булағышында немесе шомылғылық (душевые) қондырғыларда, иерсиниялар-көкөніс сақтағыштардағы шіри бастаған көкөністерде және т.б. Нәтижесінде организмнің иммунобиологиялық қорғаныс тосқауылынан өтіп кетуін қамтамасыз ететін инфицирлеуші дозасын (ШПМ туралы айтылғандағыдай барлық жағдайда микробтық мөлшер саны өте көп болуы керек) қалыптастыру үшін жеткілікті микробтар массасы пайда болады. Бұл кезде микробтардың жәй ғана механикалық шоғырлануы болып қоймай , олардың қасиеттерінің , соның ішінде вируленттілігінің жоғарылауы болатын , өзгергіштік процесі ілесе жүретін көбеюі байқалады. Қоршаған ортадағы сапрофиттік тіршілігін организмде паразиттік әрекет етуге ауысу үшін сапроноз қоздырғыштарында «бейімделу алды феномені» деп аталатын өзіне тән үрдіс байқалады.
Эпидемиялық процестің екінші элементіне инфекцияның механизмі, жұғу жолдары және берілу факторлары жатады. Эпидемиолог Л.В.Громашевский организмде қоздырғыш орналасуы мен берілу механизмінің сәйкестігі туралы заңдылық негізін қалады, оны кесте түрінде келтіруге болады (7.1 - кесте).
Эпидемиялық процестің үшінші элементіне ұжымдық қабылдаушылық жатады. Егер популяцияның иммунды қоғамдық тобы 95% және одан жоғары болса , сол ұжымда эпидемиялық аман-саулық жағдай орнығатыны байқалған және қоздырғыш айналымы тоқтайды. Сондықтан, эпидемияның алдын алу міндеті қоздырғыштарға қарсы егу жүргізу арқылы осы ұжымдарда иммунды топ қалыптастыру болып табылады.
Осыған сәйкес ұжымдарда атқарылатын эпидемияға қарсы шаралар эпидемиялық процестің әртүрлі звеноларына бағытталуы мүмкін. Шаралардың 1-тобы инфекция көзіне, 2-тобы – берілу механизмі мен жұғу жолдарына, ал 3-тобы-қабылдаушы ұжымға бағытталған.
Шаралардың 1-тобына инфекция көзіне бағытталған кешенді әрекеттер жатады: науқастарды анықтау, оқшаулау және емдеу; тасымалдаушыларды-анықтау, есепке алу және сауықтыру қажет; ауру малдарды - әдетте жояды.
Шаралардың 2-тобы берілу жолдары мен механизмін үзуге бағытталған. Оған мыналар жатады: тұрғындық жерлерді сауықтандыру шаралары (мысалы, орталықтандырылған канализациямен және құбыр суымен жабдықтау), ұйымдасқан ұжымдарды ірілендіру, карантиндік шаралар, тағамдық өндірістерді, қоғамдық тамақтандыру орындарын қадағалау, емдеу профилактикалық мекемелерде асептикалық,

Кесте 7.1.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   216




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет