9.2.1.3.1.1. В-лимфоциттер В-лимфоциттер барлық лимфоцитердің 15 пайызды үлесін құрайтын көбінесе эффекторлық иммунды жауапты жасушалар. Олар екі популяцияға бөлінеді: «әдеттегідей» СД5 маркері жоқ және СД5 маркері бар В1-лимфоциттер.
Электрондық микроскоппен қарағанда В–лимфоциттердің сырты бұдырланған, СД 19-22 маркерлері анықталатын жасушалар болып көрінеді. Антигенспецификалық (BCR) жұмысты иммундыглобулиндердің ерекше мембраналық түрі атқарады. Жетілген В-лимфоциттер және сол тұқымнан тараған плазмоциттердің антидене бөліп шығаратындары болады. Олардың негізгі өнімі иммундыглобулиндер. Сонымен қатар В-лимфоциттер гуморалдық иммунитеттің құрылуына, В-жасушалық иммунологиялық есте сақтауда және де гиперсезімталдықтың жедел түріне қатынасады. В-лимфоциттердің реттенуі және жетілуі алғашында сүйек кемігінде өтіп, одан кейін бастаушы жасуша түрінде иммундық жүйенің шеткі органдарында өтеді. Иммунологиялық есте қалу жасушалары мен плазматикалық жасушалар В-лимфоциттердің тұқымы болады. Көлемді цитолпазма, дамыған эндоплазматикалық ретикулома, көп санды рибосомалары болатын Гольджи аппараты – цитоплазматикалық жасушалардың негізгі морфологиялық белгісі. Белсенді синтездейтін плазмоциттің өмірі шолақ, 2-3 тәуліктен артпайды.
В1-лимфоциттер антидене өндіретін жасушалардың арасында филогенетикалық бұтақта ең ерте пайда болғаны деп саналады. Олардың алғашқы түрлері шырышты қабықшаға өте ертерек көшіп, сол жерде иммундық жүйенің орталық органдарынан тәуелсіз өсіп-өніп өзінің популяциялық түрін сақтайды. Олардың мембранасында СД5 маркерлер бар. Бұл жасушалар микробтардың полисахаридті, липидті антигендеріне төменгі аффинды IgА, IgМ бөліп шығарып, шырышты қабықты шартты патогенді бактериалардан иммунды қорғауды қамтамасыз етеді (8-сызбанұсқа).
В-лимфоциттердің функционалдық белсенділігін ерітілетін антигендер, Т2-хелпердің иммундыцитокиндері, макрофагтар мен тағы да басқа жасушалар басқарады.
9.2.1.31.2.Т-лимфоциттер Т-лимфоциттер күрделі қүрамнан тұратын жасуша тобы. Олар жілік майындағы полипотентті жүйелік жасушалардан басталып ары қарай алғашқы ( пре-Т-лимфоциттер) элементтеріне дейін жетіліп түрге талданылады. Т-лимфоциттердің үлесі барлық лимфоциттетрдің 75 пайызы болады. Электрондық микроскоппен зерттегенде олар СД3 және қой эритроциттерінің маркерлері бар жазық сыртты болып көрінеді. Т-лимфоциттер өзінің антигендік рецепторларымен (ТCR) және де атқаратын іс бағытымен жеке топтарға бөлінуі мүмкін.
TCR-ға сәйкес олардың екі түрі бар: альфа-бетта және гамма-сигма. Бірінші түрі қос полипептидті тізбектен тұрып Т-хелпер мен Т-киллер деп аталатын лимфоциттерге тән. Екіншісі ерекше гамма-сигма Т- лимфоциттердің сырт қабығынан табылады.
Мамандығына сәйкес Т-лимфоциттер екі түптопқа бөлінеді: иммундық реттеушілер (иммундырегуляторлар) және әсеретушілер (эффекторлар). Біріншілеріне жататындар Т-хелперлер. Сонымен қатар Т-супрессорлар (тежеушілер) бар болатындығы болжанылған еді, бірақ осы күнге дейн олардың морфологиялық қасиеттері негізделініп, бар не жоғы дәлелденбеген, бірақ та, тежеушілік көрністің бар екені айқын.. Көрністудырушылық (эффекторлық) жұмысты цитотоксикалық лимфоциттер -Т-киллер мен табиғи киллерлер атқарады.
Ағзада Т-лимфоциттер иммундық жауаптың жасушалық түрін қамтамасыз етіп (баяу гиперсезімталдық, трансплантациялық иммунитет, ісікке қарсы иммунитет т.б.), иммунды жауаптың қарқынын және ұзақтылығын анықтайды. Олардың жетілуін, түрге бөлінуін және белсенділігін цитотоксиндер басқарады.